Интернатураға қабылдау Ережелері

 

Интерндерді даярлау осы Ережеге, әрбір мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Нақты мамандық бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасының міндетті минимумы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартпен белгіленеді. Интернатурадағы жұмысқа арналған оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары ректордың бұйрығымен бекітіледі және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарының өзгерістерін ескере отырып, қайта қаралып отырады.

Интерндерді даярлау жоғары медициналық білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Интерндерді даярлау «Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген), бекітілген мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орнының ректоры Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің келісімімен, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының немесе денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері негізінде ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей мамандықтар бойынша интерндерді даярлау жоспарын бекітеді.

Мамандықтар бойынша интернатураға қабылдау жалпы практика дәрігерін қоспағанда оқудың барлық кезеңіндегі үлгерім балына сәйкес (өндірістік практиканың бағасы ескерілгенде) конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурсқа емдеу ісі, педиатрия, шығыс медицинасы, «жалпы медицина», «стоматология» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломы бар адамдар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың қабылдау мерзімі ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап 25 тамызға дейін.

Конкурс жоғары оқу орнының конкурстық комиссиясына студенттермен ұсынған құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер нақты мамандық бойынша интернатураға қабылдау туралы ректор атына өтініш, медициналық жоғары оқу орны білім туралы диплом (түпнұсқа), дипломға қосымшаның көшірмесін, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін береді.

Интернатураға қабылдау және мамандықтары бойынша топ құру 

ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігіне ақпаратты бере отырып, жоғары оқу орны ректоры бұйрығының негізінде ағымдағы жылғы 28 тамыздан кешіктірмей интернатураға қабылданады.

Интернатурада оқу жылы ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте басталып, үлгілік оқу бағдарламасына және оқу жоспарына сәйкес аяқталады.

Интернатурада мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға стипендия Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияны төлеу ережесіне сәйкес төленеді.

Келісім-шарт бойынша оқудың ақылы нысанында білім алатын студенттер интернатурадан келісім-шартта белгіленген жағдайларда өтеді.

Интернатурада оқу денсаулық сақтау ұйымдарының жоғары білікті оқытушылардың басшылығымен бірінші және жоғары біліктілік санатты дәрігерлерді тарта отырып, жүргізіледі.

Интерндерді оқыту жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында осы Ереженің, нақты мамандық бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде әзірленген жеке жоспар бойынша жүргізіледі.

Интерннің үйренуі үшін міндетті кәсіптендіру пәндердің тізбесі типтік оқу жоспарында және бағдарламасында көзделеді.

 

Жеке жоспарына сәйкес интерн:

1) дәрігерге дейінгі медициналық көмекті, білікті медициналық көмекті, мамандандырылған медициналық көмекті, медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдарында науқастарға жетекшілік етеді;

2) диагностикалық, емдік және алдын алу іс-шараларын тағайындауға және орындауға қатысады;

3) құжаттаманы және халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді;

4) бөлімшенің қызметі туралы есептер жасауға қатысады;

5) алдын алу тексеруге, диспансерлеуге, консилиумдерге қатысады;

6) терапевтер, хирургтер, акушерлер-гинекологтар, педиатрлар қоғамдарының және басқаларының жұмысына қатысады;

7) сырқаттарды аралауға, клиникалық талдауларға қатысады;

8) айына кемінде төрт рет емдеу-профилактикалық ұйымдарында кезекшілік етеді ;

9) клиникалық және клиникалық-анатомиялық конференцияларға қатысады;

10) патологиялық-анатомиялық союларға қатысады, аутопсия, биопсия және операциялық материалдарды зерттеуге қатысады.

 

Интерннің апталық оқу жүктемесі 36 академиялық сағатты және клиникадағы 18 академиялық сағат өзіндік жұмысты құрайды. Интерннің клиникадағы өзіндік жұмысының мазмұны мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасымен айқындалады.

Интерннің емдеу-алдын алу жұмысының көлемі мамандығы бойынша ординатор-дәрігер жүктемесінің 50%-ына дейінгі мөлшерін құрайды.

Интерндердің білімін және дағдыларын бағалау ағымдық, межелік бақылау және қорытынды аттестаттау нысанында жүзеге асырылады.

Межелік бақылау аралас пәндер мен таңдаған мамандықтың негізгі бөлімдері бойынша сынақ түрінде жүзеге асырылады, олардың нәтижелерін қорытынды аттестаттауға жіберу рұқсаты анықтайды.  

Оқу жоспары мен бағдарламасының пәндерін меңгерген интерндер таңдаған мамандығы бойынша қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

 

Қорытынды аттестаттау мынадай екі кезеңде жүргізіледі:

1) қорытынды тестілеу;

2) практикалық дағдыларды аттестаттау.

 

Емтиханды ойдағыдай тапсырған интерндер берілген мамандық бейіні көрсетіліп интернатураны бітіргені туралы куәлік алады. Бітіруші-интерннің өзіндік практикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 06 қарашададағы № 661 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5884 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар