«ОҚМА» АҚ бакалавриатына оқуға қабылдау ережелері

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығына сәйкес (2019 жылғы 14 маусымдағы №269 өзгертулер мен толықтырулар) «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың типтік ережелері» сәйкес жасалды.

2. ЖОО-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар қабылданады.

3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері «ОҚМА» АҚ түсу үшін ҰБТ нәтижесі бойынша – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (Жалпы медицина, Стоматология, Педиатрия, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейіргер ісі, Фармация) білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – 2 оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет. «Өндіріс және өңдеу өнеркәсібі» (Фармацевтикалық өндіріс технологиясы) білім саласында - 50 баллдан кем емес, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және әр бейіндік пәннен кемінде 5 баллдан кем емес.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың тиісті салаларына келетін, қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін, ҰБТ тапсырған және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет есебінен жоғары білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқысы келетін тұлғалар, ҰБТ нәтижелері 25 балдан кем емес, оның ішінде әр бейіндік пәннен кемінде 5 балдан кем емес.

«ОҚМА» АҚ-на техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар «орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігі бар жоғары білім беру кадрларының тиісті бағыттары бойынша ақылы оқу үшін қысқартылған оқу мерзімдерін қарастыратын қабылдауды академияның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

5. Шетел азаматтарын ақылы негізде «ОҚМА» АҚ-на ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде қабылдау комиссиясы өткізген сұхбат / тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда шетелдік азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

6. ЖОО-ға түсуші азаматтарды қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – сертификат) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

 

Қабылдау және арнайы емтиханды өткізу тәртібі

7. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» («Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Мейірбике ісі») білім беру саласына оқуға қабылдау арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

8. Арнаулы емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖОО-ның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша арнаулы емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растайтын және денсаулық саласындағы білім және ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрлары мен білім алушыларының құзыреттерін бағалайтын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген ұйым (бұдан әрі – денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйым) басшысы немесе оның міндетін атқарушының шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады. Комиссия құрамына ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымның, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

9. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы емтиханды тапрсыру үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосуретін;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

4) ҰБТ сертификатын (бар болса);

Оқуға түсушілерден арнаулы емтиханды тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған ЖОО орналасқан жері бойынша күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады. Арнаулы емтихан емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

10. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша «ОҚМА» АҚ түсуші азаматтарға денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымдар өткізетін психометрикалық тестілеу нысанындағы бір арнаулы емтихан тапсырады.

11. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша «ОҚМА» АҚ түсуші үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.

12. Арнаулы емтиханды өткізу бағдарламаларын ЖОО-лар әзірлейді және ЖОО-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша арнаулы емтиханды өткізу бағдарламаларын денсаулық сақтау саласында құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымдар әзірлейді және денсаулық сақтау саласында құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйым басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.

13. Арнаулы емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

14. Оқуға түсуші арнаулы емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі. Бұл ретте арнаулы емтихан бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

15. Арнаулы емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақты ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.

16. Психометриялық тестілеу нысанындағы арнаулы емтихан нәтижелері бойынша 10,0 (он) балдан кем алған оқуға түсуші «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша оқуға жіберілмейді. Психометриялық тестілеуді күнтізбелік жылда қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

17. Арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары – рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары психометриялық тестілеу нәтижелері бойынша алған балдары көрсетілген рұқсат беру ведомосы мен комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

18. Арнаулы емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады. Психометриялық тестілеу нәтижелері денсаулық сақтау саласында құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымның ресми сайтында психометриялық тестілеу өткізілген күні орналастырылады.

19. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша сәйкес оқуға түсушіге қабылдайтын ЖОО-ға ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.

20. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір ЖОО-ның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйым басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның) бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Бұл ретте «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша апелляциялық комиссия құрамына медициналық ЖОО-лар мен денсаулық сақтау саласындағы құзыреттерді бағалау бойынша аккредиттелген ұйымдардың өкілдері кіреді.

21. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы емтихан тапсырған тұлға өзі тапсырады, ол арнаулы емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

22. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

23. Арнаулы емтихан аяқталған күні емтихан нәтижелері республикалық бюджет және (немесе) ақылы оқу үшін жоғары оқу орнына түсу үшін жоғары білім туралы білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

 

Қабылдау тәртібі

24. Студенттерді «ОҚМА» АҚ-на қабылдау ЖОО-ның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10-25 тамыз аралығында өткізеді.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру гранты иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды. Оқуға түсушілер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге:

1) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);

2) 3х4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - №907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

4) ҰБТ сертификатын;

5) ведомостан үзіндіні арнаулы дайындықты талап ететін, оның ішінде «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);

6)білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:

1) еңбек кітапшасын;

2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;

4) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек келісімшартын;

5) еңбек келісімшартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарымқатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәледейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;

6) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.

«ОҚМА» АҚ-на қабылдау үшін азаматтар қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа);

2) 3х4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;

3) №907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

4) ҰБТ сертификатын қоса береді.

25. ҰБТ нәтижесі бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-ға 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады. ЖОО-да білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15173 болып тіркелген) (бұдан әрі – №204 бұйрық) белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады. 3 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғаннан кейін тапсырған ҰБТ нәтижесі бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар ЖОО-дан шығарылады.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет есебінен жоғары білім туралы білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған тұлғалар, куәлікте көрсетілген ЖОО-ға түсуге өтініш береді және ЖОО-ны басшысының немесе оның міндеттерін орындайтын тұлғалардың бұйрығымен студенттер қатарына қосылады.

Мемлекеттік грант негізінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеу туралы келісім жасайды.

№204 бұйрыққа сәйкес ҰБТ-ны уақытында тапсырған және осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген шекті балл жинаған ағымдағы жылы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар академия басшысына немесе оны орындайтын тұлғаға өтініш береді. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғанға дейін ақылы негізде ЖОО-ға түсуге құқылы.

Бұл ретте орта білім беру ұйымдарының қорытынды 11 (12) сынып оқушылары күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 25 тамызына дейін жалпы орта білім туралы құжатты алғанға дейін академия басшысына немесе жоғары оқу орнына ақы төленетін негізде қабылдау бойынша міндеттерін орындаушы тұлғаға өтініш береді.

Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғаннан кейін үміткерлер құжаттарды осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес ұсынады.

Осы Ережеде көрсетілген құжаттардың толық емес тізімін берген кезде қабылдау комиссиясы өтініш берушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Академияға қабылдау жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдер үшін бөлек жүргізіледі.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» білім беру саласына қабылдау арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

26. Өтініш беруші екінші деңгейлі банктер берген білім беру несиесін тіркеген жағдайда, өтініш беруші қаралып жатқан құжаттардың орналасқан жері туралы банктен тиісті анықтама ұсынған кезде жоғары оқу орындарының студенттеріне есептеледі.

Бұл ретте оған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шартта белгіленген соманы төлеу мерзімін кейінге қалдыру және азаматқа несие алу үшін өтініш беру мерзіміне есептелгенге дейін төленуі керек, бірақ банк анықтамасын алған сәттен бастап 4 (төрт) аптадан аспайды.

27. Шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен өткізуі қажет.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар нострификациялау рәсімінен өтіп, 1 (бірінші) академиялық кезең ішінде талапкерлерді қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеді.

Қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қабылдау комиссиясы білім беру саласындағы уәкілетті органға білім алушыларды ЖОО-ға қабылдау туралы қорытынды есеп ұсынады.

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар