Хабарландыру!
Құрметті ОҚМА білім алушылары!
18.01.2021ж. күннен бастап аралас білім беру жүйесіне көшуге байланысты ОҚМА жатақханаларына білім алушыларды қабылдаудың басталғандығын хабарлаймыз!
Жатақханадағы орындар бірінші кезекте:
- Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға;
- Жетім және кәмелет жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға;
- Жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан білім алушыларға;
- Қазақстанның басқа өңірлері мен облыстың алыс аудандарынан келген білім алушыларға беріледі.
Жатақханаға өтінім беруге қажетті құжаттар:
- Факультет деканының атына арыз;
- Жеке куәлік көшірмесі
- Мекен-жай анықтамасы;
- Атында мүліктің болмауы туралы анықтама;
- Әлеуметтік жағдайы жөніндегі құжат;
- Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сай, қызыл аймақтағы облыстардан келген білім алушыларға 15.01.2021ж. күні өтілген ПЦР анықтама;
Құжаттарды деканаттардағы жуапты мамандар қабылдайды.