ТДО жабдықтары

 

ТДО клиникалық жағдайларды шынайы деңгейге, дағдылар алгоритмін автоматизм деңгейіне жеткізуге мүмкіндік беретін жоғары-технологиялық компьютерленген роботами-симуляторларымен, соның ішінде «iStan», «BabySim», «LapSim» виртуалды симуляторы, және де басқа муляждар мен тренажерлармен жабдықталған. 

 

 

«Пирогов» интерактивті үстелі

1320 17

«Пирогов» интерактивті үстелі - бұл студенттер мен дәрігерлердің топографиялық анатомия, патологиялық анатомия, хирургия, офтальмология, стоматология, аутоарингология және басқа жаратылыстану - ғылыми пәндердің оқытылу логикасын құрастырылуына мүмкіндік беретін интерактивті оқу бағдарламасы. 

Бағдарламалық өнімді пайдалану анатомиялық материалмен көрнекі таныстырудан және алынған нәтижелерді автоматты түрде өңдеудің сапасын тексеру үшін мәтіндік ақпаратты алудан толық жаттығу циклін құруға мүмкіндік береді.

 

 

 

«iSTAN» робот-симуляторы

1320 18

«iSTAN»робот – симуляторы - бірқатар параметрлері бойынша әлемде теңдесі жоқ, жоғары деңгейлі заманауи симулятордың бірі. Адамның дәл көшірмесіндей бола отырып, ол шұғыл медицина, токсикология, реаниматология және хирургиялық патологиялар емінде, шұғыл күттірмейтін жағдайлар терапиясы мен ішкі аурулар клиникасындағы тәжірибелік дағдыларды пысықтауға және білім мен клиникалық ойлау қабілетін дамытуға арналған симулятор. 

 

 

 

«BabySIM» робот-симуляторы

1320 19

«BabySIM» робот – симуляторы алты айлық нәрестенің жоғары технологиялық компьютерленген моделі болып табылады. Робот автоматты түрде нәрестеге тән жүрек өкпелі, метаболикалық, неврологиялық және басқада физиологиялық реакцияларды дәрігер манипуляциясына және дәрілердін енгізуіне сезімтал әрекетін көрсетеді. Роботтың жоғары шынайлығы оқу мен тәжірибенің арасындағы кемістігін азайттады, неонатологиядағы науқас балаға қауіп қатерсіз емідік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. 

 

 

 

«LapSIM» хирургиялық виртуалды симулятор

1320 20

«LapSIM» симуляторы – абдоминалды, урологиялық және гинекологиялық араласуларды игеруге арналған білім платформасы. Эндохирургиялық құралдармен жұмыс жасауға ұсынылған және тактилді сезімталдықты шынайы имитациялаумен қатар жүретін виртуалды ортадағы эндохирургиялық араласулармен болатын тәжірибелік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. 

 

 

 

«К+», «LSAT» аускультативті симулятор

1320 21

«К+» симулятордың кардиологиялық нұсқасы: 

Симулятор шынайы клиникалық аспаптарды қолдануымен манекендегі аускультация нүктелерінде жүректі тыңдау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Симулятор артериялар пульсін, жүрек түрткісін пальпация жасау арқылы зерттеуге де арналған. 

«LSAT» өкпе аускультациясы нұсқасы: 

Симулятор өкпені тыңдау дағдыларына игеруге мүмкіндік береді.

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар