Қашықтан білім беру технологиялары

 

 

 

Жалпы сипаттамасы

Қашықтан білім беру технологиялары бөлімі (бұдан әрі − ҚБТ) қашықтан оқыту жүйесін қалыптастыру, оқу процесіне қашықтан білім беру технологияларын енгізу, білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту, электрондық оқыту элементтері мен ҚБТ-ны пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыруда кафедралар мен бөлімшелердің қызметін үйлестіру үшін құрылған академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

 

Негізгі мақсаттары мен міндеттері

Бөлім қызметінің негізгі мақсаты максималды білім беру нәтижесін алу үшін дәстүрлі және электрондық оқыту түрлерін оңтайлы үйлестіру болып табылады.

 

Бөлім қызметінің негізгі міндеттері:

▪ қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;

▪ қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру үшін бірыңғай ақпараттық-білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту;

▪ цифрлық білім беру ресурстары мен цифрлық контенттерді әзірлеу және жаңарту үшін педагог қызметкерлерге жағдай жасау;

▪ оқу үрдісінде ҚБТ іске асыру бойынша оқытушыларға кеңес беруді және оқытуды ұйымдастыру;

▪ ҚБТ-мен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;

▪ білім алушылар мен ПОҚ үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпаратты қамтитын парақтары бар ақпараттық жүйені қамтамасыз ету;

▪ media.skma.edu.kz сайтында ЖОО-дағы барлық ББ бойынша бейне контенттің (дәрістер, практикалық сабақтар және т. б.) жаңартылуын қамтамасыз ету;

▪ кафедралармен бірлесіп электрондық оқулықтар, оқыту бағдарламалары, ақпараттық-анықтамалық жүйелер құру;

▪ кафедралармен бірлесіп онлайн-курстарды әзірлеу және құру бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

▪ кафедралармен бірлесіп ПОҚ әлеуетін арттыруды ұйымдастыру:

▪ ПОҚ ақпараттық сауаттылығын арттыру;

▪ ашық онлайн-курстарда бейінді және педагогикалық құзыреттерді арттыру.

 

 

Бөлім қызметкерлері туралы мәліметтер

Қашықтан білім беру технологиялары бөлімнің құрылымы мен штаттық құрамы функцияларымен анықталады және келесі мамандардан тұрады:

 

dot 1

Халметова Шахноза Абдулакимовна - меңгеруші

  

dot 2

Төле Жансұлу - әдіскер

 

dot 3 

Әділбеков Руслан Сайнович -

бейнетүсірілім және бейнемонтаж бойынша маман

 

 

Байланыс ақпараты:

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 1/1

Телефоны: +7 701 622 2736, +7 771 252 2459

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар