«Жалпы тәжірибелік дәрігер – 1» кафедрасы

 

 

kafedra VOP 1 1

 

Кафедра тарихы

Кафедра 2007 жылы «ОҚММА» кезінде «Емхана-2», академияның қайта құрылуына байланысты 2009 жылы 1-қыркүйектен бастап «Емхана» кафедрасы болып ауысты. Кафедраны 2007-2009 жж. м.ғ.к., доцент Н.В. Югай, 2009-2012 жж. м.ғ.к., доцент Ж.Ә.Қауызбай басқарды. 2012-2013 оқу жылдары кафедраға:Медициналық жедел жардем, Акушерлік-гинекология, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері курстары қосылды, осыған байланысты кафедра «Алғашқы санитарлық медициналық жәрдем және акушерлік-гинекология курсымен» кафедрасы болып аталды. 2017 ж. бастап «Алғашқы санитарлық медициналық жәрдем-1» кафедрасы болып өзгертілді. 2012-2019 жж. аралыгында кафедраны м.ғ.к., доцент Н.В. Югай басқарды.

Кафендрада «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандарын дайындау барысында, дәрігер-интерндер «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» модульдік оқу бағдарламасының негізгі пәндерін өтеді, осыған орай кафедра 2018 ж. сәуірінен бастап «Жалпы тәжірибелі дәрігер-1» кафедрасы болып аталды.

2020-2021 оқу жылынан бастап кафедрада оқытатын пәндер қатарына «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні қосылды.

 

kafedra VOP 1 2

Кафедраны 2019 ж. қыркүйек айынан бастап

м.ғ.к., доцент Датқаева Гульмира Маханбетқызы басқарып келеді.

 

Кафедры мақсаты: 

Әр қаралған науқастың жасына және жынысына, сонымен қатар ауруының сипатына қарамастан оның жанұялық, өмір сүріп жатқан қоғамдағы ерекшеліктерін, мәдениетін ескере отырып үздіксіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету жауапкершілігіне қабілетті алғашқы медициналық – санитарлық жәрдем көрсету жүйесінде қызмет жасай алатын жалпы практикалық дәрігер дайындау.

 

Негізгі оқу курстары:

• Бакалавриаттың 5 курсына «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні;

• Интернатура 6-7 курсына «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» модульдік оқу бағдарламасының пәндері;

• Дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау факультетінің: «Жалпы дәрігерлік тәжірибе сұрақтары», «Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі терапияның өзекті мәселелері», «Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі педиатрияның өзекті мәселелері» циклдары жүргізіледі.

 

Пәндер қазақ және орыс, ағылшын (бакалавриатта) тілдерінде өтеді. Оқытылатын пәндердің жаңартылуы –жыл сайын қаралады және оқу-әдістемелік кешен, тәжірибелік сабақ материалдары, бақылау- өлшегіш құралдары жаңартылып отырады.

 

Кафедра Миссиясы:

«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының (бұдан әрі – ББ) миссиясы, БМСК деңгейінде медициналық көмек көрсететін және үздіксіз кәсіби дамуға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.

ББ миссиясы "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасының комитетімен ұсынылған, 2018 ж. қаңтар айында жұмыс берушілермен дөңгелек стөлде талқыланған. ББ Миссиясымен кафедра қызметкерлері, студенттер, дәрігер-интерндер, клиникалық базалар басшылықтары және практикалық денсаулық сақтау өкілдері таныстырылды. Білім берудің медициналық ұйымдары білім беру бағдарламасының миссиясын қоғам денсаулығының қажеттілігі, медициналық көмек көрсету жүйесінің талаптары негізінде және әлеуметтік жауапкершіліктің басқа да аспектілеріне сәйкес айқындауы тиіс.

«Жалпы медицина» ББ бакалавриат және интенатура деңгейінде оқытуды көздейді. ББ миссиясы интернатура түлегінің құзыреттілігін және салалық біліктілік шеңберіне сәйкес біліктілік деңгейін ескере отырып әзірленген.

Миссияны әзірлеу кезінде денсаулық сақтау саласына «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандарының қажеттілігі және «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша интернатураны бітірген түлектерді өз бетінше жұмысқа орналасу мүмкіндігі назарға алынды. Қазіргі таңда интернатура түлектері: Жалпы тәжірибиелі дәрігердің функционалдық міндеттерін, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде өз бетімен орындай алады және жедел медициналық көмек көрсете алады.

«Жалпы медицина» ББ миссиясы ОҚМА http://ukma.kz сайтының құрылымдар бөлімінде («Жалпы тәжірибелі дәрігер -1» кафедрасы) және деканаттың, «Жалпы тәжірибелі дәрігер -1» кафедрасының стендінде жарияланған.

 

Кафедраның ғылыми бағыты:

- «Микронутриентті жетімсіздіктің алдын алу және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру», бұл ғылыми жоба ҚР денсаулық сақтау жүйесінде ана мен бала денсаулығын қорғаудағы негізгі бағыт болып табылады.

- Біріншілік медициналық санитарлық көмек (ПМСП) деңгейінде инфекциялық емес аурулардың алдын алу.

Қазіргі таңда кафедрада: медицина ғылымдарының докторы-1, медицина ғылымдарының кандидаттары-2, ДС докторанты-1, ДС магистрлары-3 және жоғары санатты, білікті мамандар жұмыс жасайды.

 

Профессор-оқытушылар құрамы:

1. Датқаева Гульмира Маханбетовна- м.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі.

2. Мусаев Юлдаш Мусаевич -м.ғ.д., профессор м.а.

3. Исаева Лейла Зелимхановна. - м.ғ.к., доцент м.а.

4. Қарсыбаева Ұлбала Романовна- ассистент

5. Емешева Меруерт Атаевна –ассистент

6. Пазыл Айнур Бахарамовна – ДС магистрі

7. Кулбаева Лира Азимхановна– ДС магистрі

8. Байжан Байжан Ерікқызы -ассистент

9. Айтымбетова Нурила Айтымбетовна - ДС магистрі, докторант

10.  Калдыгозова Клара Есиркеповна- ассистент

11.  Тұрсынбаева Айгүл Жаңабаевна- ассистент

 

Оқу-көмекші қызметкерлері:

1. Кулиева Акмарал Усеновна

2. Конусова Акнур Лесбековна

3. Жакыпбек Малика Кемелханкызы

 

 

Кафедраның мекен – жайы және байланыс көздері:

Шымкент қ. Нурсат м/а, Байтереков көшесі ДСБ №3 ШҚЕ

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар