Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы

 

 

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы

kaz istorya

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының тарихы 1979 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институты Шымкент филиалының құрылуынан басталады. Сол институттың құрамында «Кеңес Одағының Коммунистік партиясының тарихы» кафедрасы ашылған болатын. Құрылу кезеңінен бастап кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қоғамдық және гуманитарлық пәндердің оқытылу сапасын арттыру бағытында қызмет етуде. Кафедраны әр кезеңдерде басқарғандар: т. ғ.к., доцент Е.Ә. Әбдіқұлов, т.ғ.к , доцент м.а М.А. Жанысбеков, п.ғ.к, доцент м.а Л.С. Майлыбаева.

2018 жылы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасын доктор PhD - Ж.О. Нұржанбаева басқарады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы академияның барлық мамандықтарында бакалавриат бойынша: «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы», «Құқық негіздері», «Психология және мәдениеттану», магистратура бойынша: «Жоғары мектептің педагогикасы», докторантурада «ЖОО-да білім беру технологиялары» пәндерінен сабақтарды қазақ, орыс тілдерінде жүргізеді. Кредиттік жүйеге өтуге байланысты барлық пәндер силлабуспен, оқу-әдістемелік кешендерімен және видео-контенттермен қамтамасыз етілген.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарының басты бағыты Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жыл басында барлық мамандықтардың жалпы және арнайы курстардың жүктемелері бекітіледі, бакалавриат, магистратурада және докторантурада оқылатын негізгі және элективтік пәндердің типтік бағдарламаларына сай оқу-әдістемелік кешендері жаңартылып, толықтырылып отырады.

Кафедраның оқытушылары қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын нәтижелі жүргізіп келеді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен білімгерлерге сапалы білім беру және тәрбие жұмыстарын жоғары деңгейде атқарғаны үшін - филос.ғ.к., доцент м.а. Төребаев О.А. және аға оқытушы Беккулова А.А. марапатталды.

 

1206 2

Кафедра меңгерушісі, PhD доктор

Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы

 

Кафедраның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары:

Кафедрада PhD докторы, ғылым кандидаттары, ғылым магистрлері, тәжірибелі аға оқытушылар жұмыс атқарады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарын үш бағытта іске асырады:

1. Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы рухани жаңғыру мәселелері.

2. Медициналық жоғары оқу орындары жүйесіндегі психологиялық-мәдениеттанулық білім беру аспектілері.

3. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында азаматтық ұстаным мен құндылықтық бағдарларының қалыптасуының мәселелері.

Кафедраның ПОҚ халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференцияларында, симпозиумдарда белсене қатысуда. ҚР БжҒСБ ұсынған және SCOPUS базаларындағы ғылыми журналдарында мақалалары жариялауда. Хирш индексі бар, зияткерлік меншіктік авторлық құқық Куәлігі алынған. Кафедрада қазіргі кезеңге дейін ПОӘК, электрондық оқулықтар әзірленген және тиражы 1800 экземплярдан тұратын 7 оқу құралы баспадан шықты. 2019 жылы т.ғ.к., доцент м.а. Айдарбекова студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасап, академияның үздік студенттік баяндама марапатына ие болды.

 

Кафедра меңгерушісі, PhD доктор Нуржанбаева Жанат Оралбайқызының Скопус базасында жариялаған еңбектері:

1. Nurzhanbaeva J./Develoment of students Technological Competence in the Spesialty «Garment Industry and Fashion Desingn /International Journal of Applied Engineering Research (IJAER) ISSN 0973-4562 Volume 10, Number 15(2015) Р.35673-356767

2. Zhanat Nurzhanbayeva /The Level Indicators of the Professional Readiness of Future Teachers to Dual Training./Man In India/97,2019(21): 705-714 © Serials Publications.

3.Zhanat Nurzhanbayeva/Semantic Guidelines and Conceptual Basis of a Social Education Teacher Professional Mobility in the Pedagogical Science/ Journal of Intellectual Disability - Diagnosis and Treatment, 2020, 8, 560-566.

 

Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік басылымдардың авторлары болып табылады:

1. Нуржанбаева Ж.О., Айдарбекова Г.С., Еркинбекова А.С. Психология және мәдениеттану. Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2019ж.

2. Нуржанбаева Ж.О., Айдарбекова Г.С.,Абдурахманов Н.А., Нигматуллина Ш.Ш. «MODERN HISTORY OF KAZAKHSTAN» Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент, 2020ж.

3. Нуржанбаева Ж.О. Мәдениеттану. Оқу-әдістемелік құрал. Шымкент. «Нұрлы бейне» баспасы.2020ж. 280 б.

4. Жанысбеков М.А, Абдурахманов Н.А, Еркінбекова Ә.С. Основы антикоррупционной культуры. Учебно-методическое пособие. Қарағанды, 2016г.

5.Жанысбеков М.А, Абдурахманов Н.А, Еркінбекова Ә.С. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы. Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды 2016ж

6. Жанысбеков М, Нигматуллина Ш.Ш. Современная история Казахстана. Учебно-методическое пособие. Шымкент, 2018ж

7. Жанысбеков М.А, Бахтибаев А.А, Төребаев О.Ә Мәңгілік ел. Учебно-методическое пособие. Шымкент, 2018ж.

Академиялық сапа менеджменті жүйесінің мақсаттарына сай кафедрада пәндердің оқытылуының сапасын көтеруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Оқу үдерісінде модульдік оқу технологиясын қолданудағы өзекті мәселелерді қарастыру, оқыту үдерісі сапасын арттыру мақсатында 2018 жылығы 23 қарашада «Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі» тақырыбында М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскер-мамандарымен тәжірибе алмасу әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Кафедра оқытушылары өздерінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуға және ғылыми жұмысқа аса маңызды көңіл береді. Жыл сайын жоспарға сәйкес кәсіби біліктілікті жоғарылату курстарына офлайн, онлайн түрінде қатысады.

Жастар егеменді Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік өзгерістердің маңызды субъектісі болып табылатынын ескере отырып, кафедраның ПОҚ құрамы болашақ жоғары кәсіби мамандардың бойында ұлттық өзіндік сананың, отансүйгіштік пен азаматтық қалыптасуына бағытталған «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында студенттер арасында тәрбие жұмыстарын жүргізеді. Кафедрада студенттер және оқытушылардың қатысуымен «Заң» клубы және «Парасат» үйірмесі жұмыс жасайды.

«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының ұжымы кең көлемде педагогикалық, тәрбие және қоғамдық жұмыстарын жүргізеді. Медицина факультетінің 1,2,3 курстарының студенттеріне тәлімгерлік жасайды. ОҚМА-ның жатақханаларында тәрбие жұмыстарын атқарады.

Кафедрада 2020 жылдан бастап «Тиімді психолог» және «Медициналық қызметті құқықтық қамтамасыз ету» Minor қосымша бағдарламасы құрастырылып, жүзеге асырыла бастады.

Қазіргі таңда кафедраның құрамында 5 ғылым кандидаты, доценті, 6 аға оқытушы, 1 оқытушы, 2 аға лаборант қызмет атқарады.

 

 

Кафедра құрамы:

1.Нуржанбаева Жанат Оралбаевна – кафедра меңгерушісі, PhD доктор

2. Сахов Сапарбек Мусаханович - т.ғ.к., доцент м.а.

3. Туребаев Омаркул Акимбаевич - филос.ғ.к., доцент м.а.

4. Айдарбекова Галия Сарыбаевна - т.ғ.к., доцент м.а.

5. Турадилов Мейрбек Унербекович - т.ғ.к., аға оқытушы

6. Беккулова Акмарал Атыгаевна – Аға оқытушы

7. Утегенов Бакыт Дауитбекович - Аға оқытушы

8. Нигматулина Шынар Шаймерденовна - Аға оқытушы

9. Еркинбекова Асемкул Сейтжаппаровна – Аға оқытушы

10. Ибраимова Акмарал Жамалбековна - Аға оқытушы

11. Маликов Мухтар Маратович - Аға оқытушы

12. Халикова Роза Орынбасаровна – Оқытушы

13. Адильбекова Г.А. - Аға лаборант

14. Оразбакова А.Б.- Аға лаборант

 

Кафедраның мекен-жайы:

Шымкент қ. Әл-Фараби алаңы 1в, №3 оқу ғимараты, 2-этаж, аудитория 228, 229, 230

Телефон: 8 (7252) 39-57-57 (ішкі номер 226) 87782496079

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

  

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар