Отбасылық медицина кафедрасы

 

 

 

sem 1

 

Кафедра тарихы

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 30 қаңтар 2008 жылғы №27 "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесін бекіту» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 31.05.2019 ж. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №ҚРДСМ-89 бұйрығына (50-шы бап – Отбасылық медицина) негізінде, «ОҚМА» АҚ ректорының 25.08.2019 ж. №720 бұйрығымен «Отбасылық медицина» кафедрасы құрылды.

 

Кафедраның мақсаты: жоғары білікті, бәсекелестікке қабілетті, заманауи талаптарға сәйкес осы мамандық бойынша өз бетінше сапалы жұмыс істей алатын дәрігер дайындау.

 

Кафедраның негізгі бағыттары: оқу, ғылыми, емдеу жұмыстары, сонымен қатар амбулаторлық деңгейдегі дәрігерлердің үздіксіз біліктілігін арттыру кіреді.

 

Кафедраның клиникалық базалары: Шымкент қаласының емдік-профилактикалық мекемелері.

 

Кафедраның ғылыми жұмысы: «Отбасылық медицина» кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы мен резиденттері арасында Республикалық ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыруға қатысады және оқу процесіне жаңа клиникалық-педогогикалық технологияларды енгізеді.

 

Кафедраның ғылыми тақырыбы: «Өңірдің климаттық-метереологиялық және экологиялық факторларын ескеріп, біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету жағдайында негізгі жүрек-тамыр ауруларының кешенді профилактикасы және өлімге ұшырау оқиғалар санын азайту»

 

 

 

sem 2

Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы

Медицина ғылымдарының кандидаты (PhD), қауым профессор,(аss. prof.),

«Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі

 

Қарағанды мемлекеттік медициналық академияда клиникалық ординатура мен аспирантураны бітіріп, 1998 жылы Астана мемлекеттік медициналық академияда кандидаттық диссертацияны ішкі аурулар бойынша қорғады. 1998 жылдан бастап, ҚММА-да ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында доцент болып қызмет атқарды.

2000 жылдан бастап, ОҚММА ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасына шақырылып, доцент қызметінде жұмыс жасады. 2001 және 2002 жж. аралығында негізгі жұмысымен қоса емдеу факультетінің декан орынбасары қызметін атқарды.

2006 ж. бері жоғары дәрежелі дәрігер терапевт. 2008 жылдың наурыз айында доцент (ass. prof.) атағы берілді. 2009-2012 ж.ж. аралығында «Емхана» кафедрасының меңгеруші болды. 2012-2018 ж.ж. ОҚМФА-да терапия бакалавриат кафедрасында профессор қызметін атқарды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап 2019 ж. қыркүйегіне дейін ОҚMA-да ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі болды. 2019 ж. қыркүйегінен «Отбасылық медицина» кафедрасының меңгерушісі.

2014 ж. бастап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің Түркістан облысы ҚДС департаментінің терапия саласында аккредитацияланған тәуелсіз сарапшысы. 1 авторлық анықтаманың, 150-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстың, сонымен қоса, 4 оқу әдістемелік, 8 типтік бағдарламаның авторы, 12 магистрдің ғылыми жетекшісі және кеңесшісі.

2018 ж. бастап «Өңірдің климаттық-метереологиялық және экологиялық факторларын ескеріп, біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету жағдайында негізгі жүрек-тамыр ауруларының кешенді профилактикасы және өлімге ұшырау оқиғалар санын азайту» атты тақырыбында Астана медицина университетімен бірлесіп гранттық МТ № 0118РК00979 ҒТБ-ның жетекші ғылыми қызметкері ретінде жұмыс атқарып келеді. ОҚМА-ның клиникалық Кеңесінің және жергілікті биоэтикалық Комиссиясының төрағасы. 2018 жылы ҚР ДСМ құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Кафедраның кадрлық құрамы:

1. Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., қауым. профессор,терапевт, жоғары білікті жалпы тәжірибелік дәрігер.

2. Самченко Игорь Александрович м.ғ.д., профессор,жоғары білікті жалпы тәжірибелік дәрігер.

3. Бектибаева Назипа Шакмановна м.ғ.к., доцент, жоғары білікті терапевт,ЖТД.

4. Салхожаева Кулзира Кенесовна ассистент, жоғары білікті педиатр, ЖТД, денсаулық сақтау магистрі.

5. Темиркулова Шолпан Алибековна ассистент, жоғары білікті терапевт,кардиолог.

6. Ешимбетова Дилдора Дамировна ассистент, жоғары білікті педиатр, ЖТД.

7. Аташова Кумисай Кулдыраковна ассистент, жоғары білікті жалпы тәжірибелік дәрігер, терапевт.

Сонымен қатар Шымкент қаласының емдік – профилактикалық ұйымдарының жетекші мамандары.

 

Лаборанттар:

1. Калшабекова Г.О.

2. Тасқынова С.А.

 

 

Мекен - жайымыз:

«Отбасылық медицина» кафедрасының орналасуы базасы:

А.Асқаров көшесі №26. №13-қалалық емхана.

Эл.мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар