Мейіргер ісі кафедрасы

 

 

sd 1 2

2020 жылдың тамызында Ғылыми кеңестің № 65 27.08.2010ж бұйрығы бойынша, ОҚМА АҚ-да «Мейіргер ісі» кафедрасының негізі қаланды. Кафедра колледж базасында орналасқан. Кафедраның меңгерушісі болып «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі Серикова Багдат Джулдибаевна бекітілді.

sd 2 2

 

Кафедраның мақсаты: Алынған білімін тәжірибелік қызметінде тиімді пайдалана алатын, критикалық және аналитикалық ойлауға, ресурстарды тиімді басқаруға және науқастың қауіпсіздік қағидаттарына сәйкес жұмыс істеуге қабілетті практикаға бағытталған мейіргер ісінің мамандарын даярлау.

 

Кафедра міндеттері болып табылады:

•  студенттердің науқастарға күтім жасаудың теориялық негіздерін және практикалық дағдыларын меңгеруі;

•  студенттерді мейіргер ісінің негіздеріне, түрлі аурулар кезінде мейіргер көмегін көрсету дағдыларына, профилактикалық және оңалту іс-шараларын жүргізуге оқыту;

•  этика және деонтология талаптарын ескере отырып, науқастармен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

•  Мейіргер ісі саласындағы мамандардың мейіргер қызметі басшысының біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

Кафедрада "Мейіргер ісінің қолданбалы бакалаврлары" мамандығының 1-4 курс, "Мейіргер ісі" мамандығының 2-4 курс, "Фельдшер" және "Стоматология"мамандықтарының 3 курс студенттері білім алуда. Пәндер қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.

Кафедра қызметкерлерінің ғылыми негізі мейіргер ісіндегі ғылыми зерттеулерді дамыту болып табылады.

 

Негізгі оқу курстары:

•  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбикелік мамандық

•  Мейірбикелік күтім және пациенттің қауіпсіздігі

•  Шұғыл мейірбикелік күтім

•  Денсаулықты нығайту

•  Отбасылық күтім

•  Мейірбикелік істегі зерттеулерді жоспарлау және жүргізу принциптері

•  Мейірбике ісіндегі ментальдық денсаулық

•  Қарт адамдарға созылмалы аурулар және мейірбике күтімі

•  Мамандандырылған мейірбикелік күтім және дәлелді практика

•  Мейірбике ісіндегі персоналды басқару

•  Дипломдық жұмысты орындау

•  Мейірбике ісіндегі инфекциялық бақылау

•  Пациенттің қауіпсіздігіне арналған клиникалық мейірбикелік күтім

•  Пациенттің жағдайын клиникалық бағалау

•  Созылмалы аурулар кезіндегі мейірбикелік күтім

•  Геронтологиялық мейірбике ісі

•  Әлеуметтік маңызы бар аурулар

•  Паллиативтік көмек және онкологиялық бейіндегі пациенттерге күтім жасау

•  Үй жағдайындағы мейірбикелік күтім

•  Мейіргер ісіндегі менеджмент

•  Дәлелді мейіргерлік практика

•  Коммуникативті дағдылар

•  Мейіргерлік үрдіс

•  Инфекциялық аурулар

•  Кәсіби этика, деонтология және қарым-қатынас психологиясы

•  Мейіргер ісі негіздері

 

Кафедраның құрамына кірген қызметкерлер:

Таукебаева Г.З. – медицина ғылымдарының кандидаты

Телешова Г.Ж. – медицина ғылымдарының магистрі

Тайгашева Н.М. – медицина ғылымдарының магистрі

Эдилова Р.М. – медицина ғылымдарының магистрі

Сакиева Ш.С. – медицина ғылымдарының магистрі

Сайтмуратов Х.А. – медицина ғылымдарының магистрі

Айбекова Г.Н. – оқытушы

Нишанбаева А.Б. – оқытушы

Кадырова Ж.Н. – оқытушы

Есназарова Ж.К. – аға лаборант

Абдраманова С.А. – лаборант

 

 

Адрес және байланыс ақпараттары:

Шымкент қ., Әл-Фараби алаңы, 1/1, корпус -2, 2-этаж, 217 кабинет

Телефон: 8(775) 831-25-05

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар