Клиникалық пәндер кафедрасы

 

 

klin.disciplin 1

 

Кафедраның құрылу тарихы

ОҚМА медицина колледжінде 2019-2020 оқу жылдары «Клиникалық пәндер» кафедрасы құрылды. Кафедра терапевтік, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық профильдерден тұрады. Кафедра меңгерушісі Аралбаева Л.Б. Оқытушылар құрамы профиль бойынша құрылған. Кафедрада жоғары квалификациялы оқытушылар және оқу саласында тәжірибесі бар медициналық ғылым магистрлері жұмыс жасайды.

 

Кафедра міндеттері:

- түлектерді даярлау деңгейі мен мүдделі тараптардың талаптарын зерделеу және болжау;

- орта және жоғары кәсіби білім беру мекемелерімен, жұмыс беруші ұйымдармен әріптесті кқарым-қатынастардың тиімділігін арттыру;

- заманауи сапа менеджменті негізінде колледжді басқару құрылымын оңтайландыру;

- материалдық-техникалық базаны және кадрлық әлеуетті нығайту;

 

Кафедрада оқытылатын пәндер:

• ішкі аурулар пропедевтикасы (3 курс мейірбике мамандығы бойынша).

• ішкі аурулар (3- 4 курс емдеу ісі мамандығы бойынша).

• алғашқы дәрігерге дейінгі көмек ( 3 курс фармация мамандығы бойынша).

• жұқпалы аурулар курсымен ішкі аурулар (3 курс стоматология мамандығы бойынша).

• науқасты клиникалық тексеру әдістері (2 курс емдеу ісі мамандығы бойынша).

• терапия және жұқпалы аурулар курсымен (2 курс стоматология мамандығы бойынша).

• акушерия және гинекология (4 курс емдеу және мейірбике ісі мамандығы).

• мейіргерлік істегі акушерия және гинекология ( 4 курс мейірбике мамандығы).

• жалпы хирургия, анестезеология и реаниматология(4 курс емдеу ісі мамандығы бойынша).

• реанимация және хирургиядағы мейіргерлік іс (3 курс мейірбике ісі мамандығы бойынша).

• офтальмалогиядағы мейіргерлік ісі (4 курс мейірбике ісі мамандығы бойынша).

• оториноларингологиядағы мейіргерлік ісі (4 курс мейірбике ісі мамандығы бойынша).

 

Оқу әдістемелік жұмыс:

Кафедраның жұмысы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбие жұмыстарынан тұратын бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Кафедра студенттердің үлгерімі мен сабаққа қатысуы, оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары, КББ жоспарына сәйкес ғылыми және білім беру жұмыстары және ағымдағы мәселелер қарастырылады.

Кафедрада сабақ екі тілде жүргізіледі: қазақ және орыс тілінде.

Қазіргі кезде кафедрада 7 оқытушы, 1 лаборант, және дәрігерлер бірлесіп жұмыс жасайды.

 

 

klin.disciplin 2 

АРАЛБАЕВА ЛАЗАТ БУРАХАНОВНА

кафедра меңгерушісі

 

Қарағанды Мемлекеттік медициналық институтты бітірген соң, 1994 жылы мен 2000 жж. аралығында 2-ші медициналық бөлімдe участкілік дәрігер болып, Бәйдібек ауданы «Бөген» ауылында участкілік ауруханада бас дәрігер болып жұмыс жасады. 2007 жылдың қыркүйек айында ОҚМФА-да «Фармакалогия, фармакотерапия және клиникалық фармакология» кафедрасында клиникалық фармакологиядан жауапты тұлға ретінде, 2013 жылдан бастап, «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасында резидентура бойынша ассистент қызметін атқарды. С 2013 жылдан бастап, жоғары категориялы дәрігер терапевт. 2012 ж. ОҚМФА-на өз үлесін қосқан үшін

«Құрмет» мақтау қағазымен марапатталды. 2019 жылдан бастап, ректордың бұйрығы бойынша, Клиникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі болып ОҚМА жанындағы медициналық колледжге тағайындалды.

 

Қазіргі кезде кафедрада жұмыс жасайды: 

Аралбаева Лазат Бурахановна - Кафедра меңгерушісі

Еспембетова Мейрамгуль Аскаровна - Оқытушы

Нарботаева Гульнур Канышовна - Оқытушы

Орманова Гафизат Муратовна - Оқытушы

Аширова Сабина Бекмуратқызы - Оқытушы

Ілес Манат Қайратқызы - Оқытушы

Мәденова Мөлдір Сабырбекқызы - Оқытушы

Майсарова Ботагоз Дуйсембековна - Оқытушы Қосымша

Шымболов Мейірхан Болғанбайұлы - Оқытушы

Мырзахметов Нурболат Нургалиулы - Оқытушы Қосымша

Ташбаев Нуридин Айнидинович - Оқытушы Қосымша

Рамазанов Жақсылық Ахметович - Оқытушы Қосымша

Дадаметов Камалиддин Рустамбекович - Оқытушы Қосымша

Аширов Бауыржан Отарбаевич - Оқытушы Қосымша

Дарибаев Нұрлан Миятбекович - Оқытушы Қосымша

 

 

Кафедраның орналасуы:

Адрес: Шымкент қ, Аль-Фараби пр, 1/1, 2-корпус, 2-қабат

Эл.адрес: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар