Хирургия-2 кафедрасы

 

 

hirurgia kaf

 

Кафедра тарихы

Хирургия-2 кафедрасының тарихы. 1993 жылы Шымкент фармацевтикалық институтының негізінде емдеу факультеті құрылды, оның ішінде профессор Д.С. Сексенбаевтың жетекшілігімен Жалпы хирургия кафедрасы ұйымдастырылды, 1994 жылы факультеттік хирургия кафедрасы, ал 1995 жылы госпитальдық хирургия кафедрасы құрылды.

ОҚММА-ның ОҚМФА-ға қайта құрылуына байланысты 2009 жылы аталған кафедралар №1 және №2 хирургиялық пәндер кафедралары болып қайта құрылды, олар 2012 жылға дейін бөлек жұмыс істеді, 2009 жылы құрамына онкология және офтальмология курстары кірді. 2012 жылы екі кафедра бір хирургиялық пәндер кафедрасына біріктіріліп, 2020 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді. Ал 2020 жылдың қыркүйек айында хирургиялық пәндер кафедрасы хирургия-1 және хирургия-2 кафедраларына бөлінді.

2018 жылдан бастап ОҚМФА "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" болып қайта құрылды. Кафедраны басқарды: 1993-1996 жылдар аралығында – д.м.н., профессор, Д.С. Сексенбаев, және 1996-1998 жж. – д.м.н. О.С. Абдиев, 1998-2001 жж. профессор Б.Д. Сексенбаев, 2001-2002 жж. – профессор М.М. Рысбеков, 2002-2006 жж. – профессор Р.Т. Тажимуратов, 2007-2009 жж. профессор М.Х. Бигалиев, 2009-2012 жж. м.ғ.к., доцент м.а. Жумабаев T. Ж., 2013-2018 жж. Доцент К.Н. Жумагулов.

2018 жылдың маусым айынан бастап кафедраны м.ғ.д. Б.А. Абдурахманов басқарды.

Әр жылдары кафедрада профессор Есиркепов М.Р., доцент Р.А. Атаханов, профессор Баймагамбетов А.К., профессор Оспанова С.А., профессор Сейдинов Ш.М., профессор Калкабаева С.А., профессор Байдибеков М.У., профессор Кулакеев О.К., доцент Абдурахманов Б.А., доцент Алдешов А.А., доцент Песин А.Л., ассистент Ким Т.Г., м.ғ.к. Ж.Ж. Жолдыбаев, м.ғ.к., Ажимбаев Р.Ю., м.ғ.к. Адильбеков А.К., доцент С.А. Рахимбердиев, м.ғ.к. К.Ж. Айтуов, м.ғ.к. А.А. Сариева жұмыс істеді.

 

 

1231 3

Кафедра меңгерушісі

м.ғ.д., профессор м.а.

Абдурахманов Бабур Анварович

 

Кафедра міндеттері

Кафедра жұмысының мақсаты "хирургия" мамандығы бойынша білім алушыларды жоғары кәсіби біліммен, ғылыми дәрежелермен даярлау, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

 

Кафедра қойылған мақсатты келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады: кафедра құзыреті шеңберінде сапа саласындағы ОҚМА саясаты мен мақсаттарын іске асыру; сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарын орындау; стратегияны анықтау және оның жұмысын бағдарламалық жоспарлау туралы шешім қабылдау; еңбек нарығында талап етілетін терең теориялық және қажетті практикалық білімі бар, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) талаптарын іске асыратын, кафедраға бекітілген жоғары кәсіптік білімнің негізгі білім беру бағдарламалары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау және шығару; жоғары кәсіптік білім берудің заңнамалық және нормативтік актілеріне, бекітілген оқу жоспарына, пәндер бағдарламаларына сәйкес хирургиялық пәндер бойынша оқу процесін іске асыру; білім беру және ғылыми қызмет процесінде білім алушылардың зияткерлік, мәдени және адамгершілік дамуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау; негізгі білім беру бағдарламаларын ұйымдастырушылық, ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу; кафедра бейініне сәйкес Қазақстан Республикасының және шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындармен және ұйымдармен байланысты нығайту

Кафедрада жалпы хирургия, травматология және ортопедия, оның ішінде балалар травматологиясы мен ортопедиясы, оториноларингология, оның ішінде балалар оториноларингологиясы, онкология, нейрохирургия, оның ішінде балалар нейрохирургиясы, отбасылық медицина, магистратура мамандықтары бойынша магистранттар мен резиденттерге оқытушылық қызмет жүргізіледі. Сондай-ақ, дәрігерлерді хирургия, травматология, онкология және оториноларингология бойынша мамандандыру және жетілдіру түрінде үздіксіз оқыту факультетінде жұмыс жүргізілуде.

 

Пәндер қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.

 

Кафедраның ғылыми бағыттары

Хирургиялық науқастарды емдеуде инновациялық, шағын инвазивті технологияларды жетілдіру және дамыту. Интеграцияланған академиялық медициналық орталықтар Ташкент медициналық академиясымен, академик РУз. ДСМ В. Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған хирургия орталығымен (РМХО) қол қойылған меморандум мен шарттар негізінде құрылды. ҚР ДСМ А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының (ХҒО), ҚР ДСМ трансплантология республикалық орталығы, РФ ДСМ Башқұр мемлекеттік медицина университеті бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуіне және магистрлер мен докторанттарды дайындауына мақұлдау алынды.

 

Кафедра қызметкерлері 16 монография шығарды және 700-ден астам ғылыми мақалаларды медициналық басылымдарда, республикамызда және шетелде жарияланған ғылыми Еңбектер жинағында жариялады.

 

Қазіргі уақытта кафедрада 5 медицина ғылымдарының докторы, 1 - ҚР ҰҒА академигі, 8 медицина ғылымдарының кандидаты, 11 - ассистент, 2-медицина магистрі жұмыс істейді. Кафедрада ғылыми дәрежелілік 49% құрайды.

 

Кафедраның негізгі құрамы:

1. Абдурахманов Бабур Анварович – каф. меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а.

2. Рысбеков Мырзабек Мырзашевич - м.ғ.д., профессор

3. Сексенбаев Дерибсалы - м.ғ.д., профессор

4. Кулакеев Онласбек Кудайбергенович - м.ғ.д., профессор

5. Рысбеков Талғат Турарбаевич – м.ғ.к., доцент м.а.

6. Курманкулов Ильяс Сырымович - м.ғ.к., доцент м.а.

7. Баймедетов Рустем Есмырзаевич - м.ғ.к., ассистент

8. Тулемисов Кайрат Жумахметович - ассистент

9. Усманов Махмуд Арафович – ассистент

10. Даутов Усейн Айбазович - ассистент

11. Юсупов Амангельды Мамаевич – ассистент

12. Абдрахманов Еркебулан Каирович – ассистент

 

Қосымша жұмыс атқарушылар:

1. Еликбаев Ғалымжан Мамырбекович- м.ғ.д., профессор

2. Султанов Елдос Едигеевич - м.ғ.к., ассистент

3. Бектаев Еркебай Талипбаевич - м.ғ.к., доцент м.а.

4. Бахтияров Асқар Косылбаевич - м.ғ.к., доцент м.а.

5. Орманов Багдат Намазбаевич - м.ғ.к., доцент м.а.

6. Тургунбаева Сауле Интыкбаевна - м.ғ.к., доцент м.а.

7. Мусаев Султанбек Шоханович - ассистент

8. Туменбаева Жанар Сапархановна - ассистент, магистр

9. Хамидулин Аскат Николаевич - ассистент

10. Қыдырбаева Мереке – ассистент магистр

11. Сағындық Индира Аманқызы- ассистент

Кафедраның клиникалық базалары облыстық клиникалық аурухана, №1 Қалалық клиникалық аурухана, қалалық онкологиялық орталық болып табылады.

Кафедра қызметкерлерінің қатысуымен клиникалық базаларда семіздік, физиологиялық кардия жеткіліксіздігі, бауыр эхинококкозы, долихосигма кезіндегі бейнеторакоскопиялық операциялар; өкпенің ошақтық және диффузиялық аурулары кезіндегі бейнеторакоскопиялық араласулар; бауыр циррозының асқынған түрлері, спленомегалия, гиперспленизм, жатыр миомалары кезіндегі эндоваскулярлық араласулар сияқты диагностиканың, инновациялық технологияларды қолдана отырып емдеудің заманауи әдістері енгізілді; бауыр, сүт безі, жатыр мойны және жатыр денесі, ми, өкпе, бүйрек және остеосаркома ісіктері үшін ішілік химиотерапия, эмболизация және химиоэмболизация әдістері.

 

hirurgia kaf 2

Баурдағы эхинокэктомия ота кезінде 

 

hirurgia kaf 3

Резиденттермен кафедра қызметкерлерінің және

тәлімгерлерінің ота бөлмесіндегі жұмысы.

 

 

Байланыс ақпараты: 

Кафедрада 4 оқу бөлмесі бар. Кафедраның клиникалық базасы Обылыстық клиникалық аурухана.

Майла Кожа – 4 мекен-жайы бойынша орналасқан.

Documentolog: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар