Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

 

 

соц.гум.дисп 1

Кафедра тарихы: Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тарихы 1979 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалының құрылуынан басталады, оның құрылымында «КОКП тарихы» кафедрасы ашылды. Кафедра қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы 2015 жылдан бері өз тарихын жүргізіп келеді. Кафедрада барлық мамандықтардың бакалавриат студенттері, магистранттар үшін оқыту жүргізіледі. Оқыту үш тілде жүргізіледі: мемлекеттік, орыс, ағылшын. Қазіргі уақытта кафедра штатында 13 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 3 оқытушы қос қызметтілік бойынша және 2 аға зертханашы жұмыс жасауда. Оқытушылардың ішінде: 5 ғылым кандидаты, 2 PhD кандидаты, 4 магистр дәрежесіндегі оқытушылар студенттерге білім беруде.

 

 

соц.гум.дисп 2

Кафедра меңгерушісі тарих ғылымы кандидаты, доцент Аширов Шадияр Алдиярұлы.

 

Кафедраның міндеттері: Құзыреттілікті үздіксіз арттыру және шығармашылық бастаманы дамыту жолымен медициналық және фармацевтикалық саладағы тез өзгеретін жағдайларға бейімделуге дайын қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде Оңтүстік өңір мен жалпы ел үшін медициналық және фармацевтикалық бейіндегі жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Студенттерді қазіргі қоғамның философиялық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құбылыстары мен процестерін талдауға үйрету, дүниетанымдық, әдіснамалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету және алған білімдерін кәсіби салада іс жүзінде сауатты қолдана білуге үйрету.

 

Негізгі оқу курстары

Бакалавриат:

- Философия

- Әлеуметтану және саясаттану

- Құқық және экономика негіздері

Магистратура:

- Ғылым тарихы мен философиясы

- Психология

 

Барлық мамандықтардың бакалавриат және магистратура студенттері үшін пәндер қазақ, орыс тілдерінде, сондай-ақ «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін ағылшын тілінде оқытылады.

 

Оқылатын пәндердің жаңартылуы: Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы студенттермен барлық мамандықтарда қазақ, орыс тілдерінде, сондай-ақ «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін ағылшын тілінде сабақ жүргізеді.

Кафедрадағы әдістемелік жұмыстар оқытылатын пәндердің қажет материалдармен толық қамтамасыз етілу мақсатында жүргізіледі. ОҚМА-ның кітапхана қорына аға оқытушы С.М.Тасқымбаеваның «Экономикалық теория негіздері» пәнінен мемлекеттік тілде дайындаған оқу құралының 220 данасы өткізілді. Сонымен қатар, Қарағанды қаласының «Ақнұр» баспаханасынан 2017 ж. басылып шыққан С.М.Тасқымбаева мен Ф. М. Қаратаеваның орыс тілінде бірлесе дайындаған «Основы экономической теории» пәнінен оқу құралының 90 данасы, Қ. Б Кемелбеков, З. Ш Оразымбетова, Ә. С. Еркінбекова, М. Т. Дүйсебаевтың Алматы, «Эверо» баспаханасынан 2017 ж. басылып шыққан «Дінтану» пәнінен дайындаған оқу құралының 100 данасы академияның кітапхана қорында бар.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Рухани Жаңғыру – Қазақстанды арманға бастайтын жол» атты ғылыми бағытымен жұмыс атқарады. Кафедра оқытушылары жыл бойына республикалық және халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция деңгейінде мақалаларын жариялап отырады. Үстіміздегі жылы бір оқу әдістемелік құралы және 15 ғылыми мақалалар жарияланды. Кафедра оқытушылар құрамы студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысуға тартып отырады.

 

Кафедраның ғылыми басымдықтары:

Кафедрада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғылыми жобамен жұмыс атқарылады.

1. Оңтүстіктің киелі орындары.

2. Туған жерге тағзым.

3. Тұлға ескерткіштері – рухани дамуымыздың негізі ретінде.

4.Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет.

 

Қазіргі уақытта кафедрада жұмыс істейді:

Аширов Ш. А. т. ғ. к., доцент м.а., кафедра меңгерушісі;

Кемельбеков К. Б. филос.ғ.к., профессор м.а.;

Ертаев М. А. социол.ғ.к., профессор м.а.;

Майлыбаева Л. С. п.ғ.к., доцент м.а.;

Жанысбеков М. А. т.ғ.к., доцент м.а.;

Оразымбетова З. Ш. аға оқытушы;

Каратаева Ф. М. э.ғ. магистрі, аға оқытушы;

Тулентаев М. С. п.ғ.магистрі, аға оқытушы;

Таскымбаева С. М. аға оқытушы;

Сабитов Т. Ж. т.ғ. магистрі, PhD кандидаты, аға оқытушы;

Сәдібекова М.С. магистр, аға оқытушы;

Жақыпбек А. А. әлеуметтік ғ. магистрі, PhD кандидаты, аға оқытушы;

Саменова Н.Ж. э.ғ. магистрі, аға оқытушы;

Тойбек А. аға зертханашы;

Караева Д. А. аға зертханашы.

 

Мекен-жайы және байланыс ақпараты:

3 ғимарат, 2 қабат, 221 кабинет.

Телефон (ішкі номер): 39-57-57 (226)

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар