Интернатура түлектеріне диплом табыстау!

8 Шілде 2021, 1:51 pm
81 рет оқылды

2021 жылдың 8 шілдесі күні ZOOM онлайн платформасында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Интернатура бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді құттықтады.

1744 1

Ары қарай диплом табыстауды Атырау Облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы, ОӘжТЖ бойынша проректор, м.ғ.д. Анартаева Мария Ұласбекқызы, Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканы Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы, «Жалпы тәжірибелі дәрігер-2» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы, «Стоматология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Шукпаров Асылбек Баядилұлы жалғастырды.

 1744 2

Академияның қоғамдық өміріне белсене араласқан бітіруші түлек, «Жалпы тәжірибелі дәрігер» мамандығы бойынша интерн дәрігер Абдулла Улпан Рахматуллақызы білім берген ұстаздарына, студенттерге арнап құттықтау сөз сөйледі.

1744 3

Студенттік шағында академияның қоғамдық өміріне белсене араласқан бітірушілерге Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ректордың алғыс хаттарын табыстады. Іс-шара бітіруші түлектер үшін арнайы дайындалған бейнероликпен жалғасты

1744 4

Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар