Фармациялық өндірістік технологиясы мен Фармация мамандығы түлектеріне диплом табыстау!

7 Шілде 2021, 9:44 am
65 рет оқылды

2021 жылдың 7 шілдесі күні ZOOM онлайн платформасында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Фармациялық өндірістік технологиясы мен Фармация мамандығы бойынша бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді құттықтады.

1743 1

Ары қарай диплом табыстауды Фармациялық өндірістің технологиясы кафедрасының меңгерушісі Арыстанбаев Қ.Е және Фармация факультетінің деканы Умурзахова Г.Ж жалғастырды.

Студенттік шағында академияның қоғамдық өміріне белсене араласқан бітірушілерге Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ректордың алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады. Іс шара бітіруші түлектерге арнайы әзірленген бейнероликпен жалғасты.

Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар