Қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісінің түлектеріне диплом табыстау!

3 Шілде 2021, 11:56 am
89 рет оқылды

2021 жылдың 3 шілдесі күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Қоғамдық денсаулық сақтау, және мейіргер ісі білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, үздік бітіруші Зияда Рауанга қызыл дипломын табыстап, бітіруші түлектерді құттықтады.

1742 1

Ары қарай диплом табыстауды Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева М.Ұ, Гигиена және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Утепов П.Д, Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі Сарсенбаева Г.Ж., және Жалпы медицина факультетінің декан Долтаева Б.З жалғастырды.

1742 2

Академияның қоғамдық өміріне белсене араласқан бітіруші түлектер Тұрсынбек Дархан және Зияда Рауан білім берген ұстаздарына, студенттерге арнап құттықтау сөз сөйледі.

1742 3

Іс шара көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын концерттік бағдарламамен жалғасты.

1742 4

Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар