Жолың болсын, жас түлек!

2 Шілде 2021, 12:12 pm
87 рет оқылды

2021 жылдың 2 шілдесі күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Жалпы медицина факультетінің алғашқы түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, үздік бітірушілердің қызыл дипломдарын табыстап, бітіруші түлектерді құттықтады.

1740 1

Ары қарай диплом табыстауды Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева М.Ұ, Жалпы медицина факультетінің деканы Долтаева Б.З, ЖТД-1 кафедра меңгерушісі Гүлмира Маханбетовна, Терапия-1 кафедра меңгерушісі Галия Кутумбетовна, Хирургия-1 кафедра меңгерушісі Мұрат Еңдібаевич, Акушерлік-гинекология кафедра меңгерушісі Салтанат Нәлібековна және медицина факультетінің декан орынбасары Данияр Асанұлы жалғастырды.

1740 2 

Студенттік шағында академияның қоғамдық өміріне белсене араласқан бітірушілерге Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов ректордың алғыс хаты мен сыйлықтарды табыстады.

1740 3 

Іс шара көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын концерттік бағдарламамен жалғасып, бітіруші түлектерге арнайы әзірленген бейнеролик қойылды. 

Жалпы медицина факультетінің алғашқы бітіруші түлектерін диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар