Құрметті әріптестер, түлектер, достар!

1 Шілде 2021, 2:44 pm
156 рет оқылды

 

1738 1

Біз сіздерді «Оңтүстік Қазақстан медицина академияс» АҚ-ның магистратурасына келесі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға шақырамыз:

1. М140 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» (ғылыми-педагогикалық, бейінді бағыт)

2. М141 - «Мейіргер ісі» (ғылыми-педагогикалық, бейінді бағыт)

3. М142 - «Фармация» (ғылыми-педагогикалық, бейінді бағыт)

4. М144 - «Медицина» (ғылыми-педагогикалық, бейінді бағыт)

5. М145 - «Медико-профилактикалық іс» (бейінді бағыт)

Кешенді тестілеуге (КТ) өтініш қабылдау 18 маусымда басталып, 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады! КТ өтуге өтінішті https://app.testcenter.kz/ сайтында беруге болады. КТ құны 8292 тг құрайды. Төлем онлайн тіркелу кезінде екі тәсілмен: Kaspi қосымшасы арқылы немесе банк картасы арқылы жүргізіледі.

КТ сұрақтарының мазмұны бойынша толық ақпарат

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсу үшін КТ 3 блоктан тұрады:

•  Шет тілі бойынша тест;

•  Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (аналитикалық, сыни ойлау);

•  Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест

Магистратураға бейінді бағытпен түсуге арналған КТ 2 блоктан тұрады:

•  Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;

•  Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасына» хабарласуға болады.

Тел.: +7 (771) 320-24-22; +7 (771) 561-23-23; +7 (747) 131-97-97.

«ОҚМА» АҚ Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 1/1 мекенжайы бойынша орналасқан.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар