Журналистика-оның бүкіл өмірі. Шымкент қаласының әкімі Р. А. Шаймерденованы кәсіби мерекесімен құттықтады

30 Маусым 2021, 3:42 pm
100 рет оқылды

28 маусымда Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Бұл күні барлық БАҚ қызметкерлерін әріптестері, достары және басшылығы кәсіби мерекесімен құттықтады.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ерекше көзге түскен журналистердің еңбегін атап өтті. Олардың арасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ғылыми журналының редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Райхан Ануарбекқызы Шаймерденова да бар.

Қала әкімінің құттықтау сөзінде «Журналистика – еркіндік пен ізденімпаздықты, еңбеккорлық пен кәсіби адалдықты талап ететін шығармашылық мамандық. Осы жолда атқарған еңбегіңіз үшін, қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өміріне деген жанашырлығыңыз бен қызметіңіз үшін алғысымды білдіремін. Болашақта да ел игілігі үшін, қаламыздың жарқырап-жайнау жолында талай игі істерді бірге атқарамыз деген ниеттемін», - деді. 

Р.А. Шаймерденова бұқаралық ақпарат құралдарында шамамен 40 жыл еңбек атқрып келеді, ол өз қызметін Шымкент облыстық телерадиокомитетінің орыс хабар тарату редакциясынан бастады, содан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақ Радиосының меншікті тілшісі болып тағайындалды, ОҚМА-да 20 жылдан астам уақыт жұмыс жасап жатыр. Қайталанбас авторлық қолтаңбасы мен стилі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін бірнеше рет республикалық байқаулардың жеңімпазы болған, Астана экономикалық форумының G-global ақпараттық-коммуникативтік алаңында халықаралық сарапшы болып табылады.

1737 1

1737 2

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар