«Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін қашықтықтан оқыту технологиясы көмегімен ұйымдастыру

10 Маусым 2021, 3:30 pm
29 рет оқылды

Фармация факультетінің 5 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматында өткізілген «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін аяқтады.

Биылғы оқу жылында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Ұлттық сараптау орталығының Тараз және Қарағанды қалаларындағы сынақ зертханалары өндірістік тәжірибе базалары болып табылды.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында өндірістік тәжірибені өткізу үшін көптеген ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді: оқытушылар мен білім алушылар арасында қашықтықтан өзара әрекет ету алгоритмі жасалды, сандық коммуникация құралдары анықталды, тәжірибелік тапсырмаларды орындау бойынша бейне-роликтер (40) түсірілді, тапсырма контенті, мониторинг түрлері және т.б. дайындалды. Өндірістік тәжірибе бойынша тапсырмалар контенті Google дискке салынып, студент-практиканттарға алдын-ала жіберілді, ал білім алушылар online.skma.edu.kz сайтындағы жеке кабинеттері арқылы тәжірибе бағдарламағасына сай электронды күнделіктерін толтырып отырды.

1723 1

ZOOM платформасында алдын-ала тәжірибеалды конференция өткізіліп, онда оқытушылар және база жетекшілері - Тараз қаласының ДЗСҰО бөлім меңгерушісі Даурбаева Х.А., Қарағанды қаласының ДЗСҰО бөлім координаторы студенттерді тәжірибе бағдарламасымен, тапсырмалармен, оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен, күнделіктер, тәжірибені өтуге қажетті әдебиеттермен таныстырды, күнделіктерді толтыру және тәжірибе нәтижесінде сынақты жүргізу бойынша барлық сұрақтарға нұсқаулар берілді.

1723 2

Әр бір оқу тобына online.skma.edu.kz сайты арқылы виртуалды парақшалар ашылды, онда тәжірибе жетекшілері күн сайын «Нұсқаулықтар», «Тапсырмалар», «Мониторинг-бағалау», «Пайдаланушылар» және т.б. қосымшалар бойынша тапсырмалар жүктеп отырды. «Нұсқаулықтар» бөлімінде студенттер дәрілік субстанциялар, таблеткалар, инъекциялық ерітінділердің фармакопеялық талдауды орындау үшін толық мәлімет алады. Ал «Тапсырма» бөлімінде видео-роликтер, нормативті құжаттар, ҚР ДСМ бұйрықтары, қондырғылар мен құрал-жабдықтарға арналған СОП, әдістемелік материалдар студенттер үшін қолжетімді болды.

1723 3

Тәжірибе өтушілер тапсырманы орындауда материалдармен, белгілі бір бөлімге фармакопеялық талдау жүргізу бойынша берілген видео-роликтермен танысады. Тәжірибе жетекшісі кері байланыс және тапсырмалардың орындалу мониторингін жасау мақсатында күнделікті Zoom платформасында сабақ жүргізіп, онда студенттер нормативті құжат талаптарына сай дәрілік препараттар сапасын бақылаудағы фармацевт-аналитиктің жұмысын видео-роликтернегізінде сипаттап, сонымен бірге, СОП-ға сәйкес қондырғылар және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау тәртібін баяндап отырды.

1723 4

Өндірістік тәжірибе дифференцирленген сынақпен аякталды. Сынақ комиссия мүшелері қатысуымен Zoom платформасында қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып, жүргізілді.

1723 5

Тәжірибе аяқталған соң студенттермен қорытынды конференция және электронды түрде сауалнама өткізілді. Студенттер ой-пікірлері мен сауалнама мәліметтерінде тәжірибенің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткендігін, қашықтықтан оқыту форматында толық тәжірибелік дағдылар қалыптастыруға мүмкіндік болғанын атап өтті.

Тәжірибенің база жетекшілері де кафедра оқытушыларының дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өтті.

1723 6

Қорыта айтқанда, фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырып, өткізу де студенттер әдістемелік, анықтамалық және басқа да материалдармен жабдықталған ақпараттық-әдістемелік жинақтармен толық қамтылды, сонымен бірге, білім алушыларға кеңес берілді.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар