«Медицина оқу орындарында терминологияны оқыту мәселелері» тақырыбындағы семинар

7 Маусым 2021, 9:17 am
36 рет оқылды

31.05.2021 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Медицина оқу орындарында терминологияны оқыту мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.

1722 1

Семинарды әлеуметтік мәселелер және жастар саясат басқармасының басшысы, қазақ тілі мен латын тілі курс меңгерушісі Е.Қ. Сәлім ашып берді. Кафедраның аға оқытушылары А.Н. Қасымбекова, А.Т.Абдуллабекова, А.С.Жакипова, И.Ж.Жуманова, орыс тілі курсының аға оқытушысы Н.А.Адырбекова және шет тілдері кафедрасының аға оқытушылары И.Б.Абдулхакова, Г.Ө.Алипбаева өздерінің баяндамаларын тыңдаушылармен бөлісіп, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп отырды.

1722 2

Семинарда медициналық және фармацевтикалық терминдерді біріздендіру, фармация саласына сөздік құрастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, медицина терминологиясының латын тілінен бастау алып қалыптасқаны да басты назарға алынып, медициналық ЖОО-да латын тілі негізгі пән ретінде мемлекеттік білім беру стандартына енгізуді де ұсынылды. Қатысушыларға алғыс хат және сертификаттар берілді.

1722 3

1722 4

1722 5

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар