ҚР тұрғындар арасында вацинация жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығы жайында

3 Маусым 2021, 12:40 pm
46 рет оқылды

ҚР тұрғындар арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралмауын алдын алу мақсатында, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылдың 22 маусымында шыққан №22 «Кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» мобильдік қосымшаны енгізу жөнінде» және осы қаулының №2 қосымшасына сәйкес негізделген ОҚМА ректоры, профессор М.М.Рысбековтың 28.05.2021ж. № 01-19 өкіміне сәйкес «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ғимаратына қызметкерлер мен келушілердің жіберілуі қызметкердің немесе келушінің статусын анықтайтын арнайы QR-коды нысанға кіруде көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады:

- «жасыл» статус – қызметкер немесе келуші мәліметтер базасында COVID-19 –ға теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуін өткен немесе вакцинаның екі компонентін қабылдаған деп белгіленген;

- «көк» статус – ПТР-тестілеудің нәтижесі жоқ, COVID-19 науқасымен байланыста болмаған деп мәліметтер базасында белгіленген;

- «сары» статус – COVID-19 науқасымен байланыста болған деп мәліметтер базасында белгіленген;

- «қызыл» статус – мәліметтер базасында COVID-19–ға оң нәтижесі бар болып тіркелген, «инфекцияланған» статусы бар пациенттер - код U 07.2.

«Сары/қызыл» статусы бар қызметкерлер мен келушілер нысанға жіберілмейді.

Осыған байланысты 21.05.2021 - 27.05.2021ж. аралығында ОҚМА–ның «Фармация» факультетінің деканаты «ҚР тұрғындар арасында вацинация жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығы жайында» атты видеоконференцияларды «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша бакалавриаттың 1, 2, 3, 4, 5 курс студенттерімен өткізді.

Видеоконференцияларға оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры м.ғ.д. Анартаева М.У., «Фармация» факультеттің деканы Умурзахова Г.Ж., тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Сапакбай М.М., оқу бөлімі бойынша декан орынбасары Сейдалиева С.К., деканат мамандары Дуйсебаева Г.Н., Жаксыбаева А.Е., Абдубекова Ж.М. және ОҚМА–ның дәрігер эпидемиологы Аширметова Н.М. қатысты.

Дәрігер эпидемиолог Аширметова Нигора Мухтаровна ҚР тұрғындар арасында вирусқа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың маңыздылығын түсіндірді: «Бүгінгі таңда қолданылып жатқан вакциналардың ешқайсының ішінде тірі коронавирус жоқ. Сондықтан вакцина қабылдаған адам COVID-19 – бен екпені қабылдағанынан ауырмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және батыс елдерінің ғалымдары пандемияны тоқтатудың бір ғана жолы – ол вакцинация екендігін растайды», сонымен бірге ол студенттердің көптеген сұрақтарына құзыретті түрде жауап берді: «Кай вакцина ең жақсысы болып саналады? Вакцинация қалай өтіп жатыр? Екпені кім салдыра алады? Қандай қарсы көрсеткіштері бар? Вакцинаға кандай реакциялар болуы мүмкін? Вакцинациядан кейін ұсыныстар бар ма?» т.б.

Видеоконференциялар ZOOM платформасында пікір-талас түрінде өткізілді.

1717 1

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар