ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ РЕЖИМІНДЕ БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

1 Маусым 2021, 4:40 am
40 рет оқылды

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары инновациялық оқыту әдістерімен дәріс-иллюстрация және RBL, TBL белсенді әдістерін қолдана отырып, зертханалық сабақтар түрінде бірқатар ашық сабақтар өткізді.

Алғаш рет Zoom платформасында 6В10106 мамандығының 4 курс студенттері мен академия оқытушыларының кең аудиториясында фармацевтикалық химия бойынша дәріс-иллюстрацияны профессор С. Ордабаева қолданды.

1709 1 

Дәріс-иллюстрацияда барлық ақпараттық материал идентификация мен сандық анықтау химиялық реакциялар түрінде, пиримидин туындылары биологиялық белсенді қосылыстарының синтез сызбалары аяқталмаған, «айтылмаған» УК- және ИҚ-спектрлерінің сипаттамасы түрінде берілді. Студенттердің мақсаты алдыңғы дәрістер мен зертханалық сабақтарда алған білімі мен дағдыларына негізделген түрде иллюстрацияланған слайдтағы материалға пікір білдіру, дәрілік препараттарға тиісті талдау әдістерін қолдану, препараттың фармакологиялық әсерін химиялық құрылысымен байланыстыруды болжау болды.

1709 2

Дәріс соңында студенттер материалды меңгергенін анықтау мақсатында Quizіzz платформасында онлайн режимде тест сұрақтарына жауап берді.

Инновациялық сабақтың басқа түрін 5 курс студенттерімен зертханалық сабақ түрінде кафедра доценті А. Серикбаева өткізді. Бастапқы білім деңгейлерін бақылау мақсатында Quizіzz платформасында деке тестілеу, ал топтық тестілеу үшін Zoom платформасында шағын сессионды залдар қолданылды, онда шағын топ студенттері презентациялық тестілеу түрінде жауап берді.

1709 3

Сабақтың сценарийі бойынша RBL әдісін қолдана отырып студенттер Web of Sciens, Scopus және РИНЦ базаларында алдын ала тіркелді. Студенттер шетел әдебиеттеріне алдын ала шолу жасады, сол арқылы ағылшын тіліндегі алғашқы ғылыми көздермен жұмыс істеуді, әдебиеттер дәйексөзіне мониторинг жасауды, жасалған жұмыс бойынша түйіндеме жасауды үйренді.

Әдеби шолу нәтижесі бойынша студенттер сабақтың зертханалық бөлімінде орындаған оқыту объектісін (атенолол) химия-токсикологиялық талдаудың ғылыми-негізделген әдістемелерін ұсынды. Сұйық-сұйықтық экстракция, жұқа қабатты хроматография, ИҚ-спектроскопия және т.б. аспаптық әдістерді қолданып, виртуалды зертханалық тапсырмаларды орындау болашақ химик-токсикологтардың кәсіби дағдыларын бекітуге көмектесті.

1709 4

Кафедраның аға оқытушысы Нурханова Г.Ж. TBL әдісін қолданып өткізген «Дәрілік заттарды талдау және зерттеудің жалпы әдістері» тәжірибелік сабағында студенттер дәрілік заттардың сапасын бақылау бойынша сынақ зертханаларында химик-аналитиктің рөлін атқарды. Quizіzz платформасында жеке және топтық тестілеу түріндегі бастапқы білім деңгейлерін бақылаған соң студенттер көмірсулар тобының дәрілік субстанцияларының сапасын анықтауда өздерінің дағдыларын көрсетті. Студенттер дәрілік препараттардың зертханалық талдауын кафедра қызметкерлері дайындаған видеоматериалдар бойынша жүргізді. Тәжірибелік тапсырмалар шағын топтарда өзара бөлінді, студенттер соңында жұмыстың жүру барысы мен нәтижелеріне пікір білдірді.

1709 5

Кері байланыс орнату барысында студенттер инновациялық оқыту әдістеріне оң бағаларын берді, оның ішінде: диалог түріндегі байланыс, алынған ақпаратпен жұмыс істеу дағдысы, жылдам, әрі кәсіби түрлендіру, оқытылған тақырыптар бойынша өздерінің ой-пікірлерін білдіру. Олардың әрқайсысы жоғары деңгейде кәсіби құзіреттілігі мен коммуникативті дағдыларын бекітті.

Студенттер сонымен қатар ақпаратты беткейлік және механикалық есте сақтау орнына оқытылған материалдарды терең әрі мағыналы меңгергенін атап өтті. Өзекті оқыту әдістері қосымша құрылғыларды талап етпей-ақ, материалды жақсы меңгеруге, аналитикалық ойлауды және кәсіби құзіреттілігін дамытуға ықпал етеді.

1709 6

Осылайша, инновациялық технологиялар әдістерін қолдана отырып, сабақ өткізу білім алушылардың жалпы шығармашылық потенциалын тиімді ашуға, олардың жеке жауапкершілігін және топтық жұмыстың нәтижесін арттыруға мүмкіндік берді.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар