Дәуір данасы – Қасым Аманжолов

28 Мамыр 2021, 7:44 pm
51 рет оқылды

2021 жылдың 28 мамырында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ZOOM онлайн платформасында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен қазақ, латын және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Қ.Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Дәуір данасы – Қасым Аманжолов» атты іс шара өткізілді. Іс шараны Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып берді.

1708 1

Қ.Аманжолов қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы, дауылды поэзиясымен әр буын оқырмандар сүйіспеншілігіне ие болып, жас таланттарға өте күшті әсер етіп келе жатқан біртуар дарын.

1708 2

Іс шарада белсенді студенттердің ақын жайлы дайындаған баяндамалары мен өлеңдерін оқуларымен жалғасып, «Өзім туралы» атты бейне баянымен аяқталды.

1708 4

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар