«Абай мұрасы- қазақтың қасиетті қазынасы» тақырыбы аясында шығармашылық байқауы

19 Сәуір 2021, 5:47 pm
72 рет оқылды

 

 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...

 

Ойымды ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, фиолософ Абай Құнанбайұлының шығармашылықтарын насихаттау мақсатында Медицина колледжі, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен Кітапханалық-ақпараттық орталығының №2 оқу залы бірлесе отырып 13.04.2021 жылы колледж студенттері арасында «Абай мұрасы- қазақтың қасиетті қазынасы» тақырыбы аясында онлайн/офлайн форматта шығармашылық байқау өткізілді.

Байқауға қатысушы студенттер тақырып бойынша: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына презентация дайындау. Абай Құнанбаевтың шығармашылығына эссе немесе шығарма жазу. Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу еді.

Іс – шараға арнайы келген медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Тайжанова, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т. Сатаев қатысушыларға сәттілік тіледі.

1687 1

Кітапханалық - ақпараттық орталығының кітапханашысы Е. А. Қуанышбекова «Абай мұрасы- халық ұлағаты» атты кітаптар көрмесімен таныстырды. Білім алушыларды Абай атамыздың кітаптарын оқуға үгіт насихат жасады.

1687 3

Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының тәрбие ісі жөніндегі аға тәлімгер Ф.А. Каспанова және аға оқытушысы А.Т.Абдуллабекова байқау талаптарына сай І, ІІ, ІІІ орын иегерлерін анықтады.

1687 2

Әділ қазылардың шешімімен

Мәнерлеп оқу сайысы бойынша:

І орын - Жумабеков Жәнібек (24 қара сөзі)

ІІ орын – Рахманбердиева Изоза (Абай Құнанбаевқа арнау өлеңі)

ІІІ орын - Құлан Сара (Білектей арқасында өрген бұрым – Аbride of the wrist)

Презентация бойынша:

І орын - Хен Анита

ІІ орын – Ильясова Дана

ІІІ орын - Юнусалиева Наргиза

Эссе немесе шығарма жазу байқауы бойынша:

І орын - Ақылбек Ғалия (Абай Құнанбаев)

ІІ орын –Рахимжанова Мухлиса

ІІІ орын - Пемида Александра

Айқынбаева Аружан (Абай шығармаларының тәрбиелік мәні)

Байқаудың барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар