ОНЛАЙН-РЕЖИМДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЛҒАСЫ

17 Сәуір 2021, 4:30 pm
73 рет оқылды

Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы аясында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына 25.03.- 07.04.2021ж. аралығында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фарм.ғ.д. Бошкаева Асыл Кеңесқызы шақырылды.

1686 1

А.К. Бошкаеваның академиялық ұтқырлық аясындағы бағдарламасында «Дәрілік заттардың сапасын бақылау» модульді оқу бағдарламасына сәйкес онлайн-режимде дәрістер оқу, тәжірибелік сабақтар мен білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу қамтылған.

Дәріс материалдарында фармацевтикалық химияның өзекті және заманауи мәселелері, жаңа дәрілік заттарды іздестіру жолдары, дәрілік заттарды жасау сұрақтары, жаңа препараттарға зерттеулер мен тіркеу жұмыстарын жүргізу және терминология, жіктелу, фармацевтикалық талдау проблемалары баяндалды.

1686 2

Студенттер қызықты және мазмұнды дәрістерден және тәжірибелік сабақтарда дәрілік препараттардың тазалығын анықтау, бейорганикалық, органикалық дәрілік заттар мен терпеноидтар препараттарының фармакопеялық талдаулары бойынша қажетті ақпараттар алды.

1686 3

Кафедра ұжымы А.К. Бошкаеваға жемісті еңбегі мен фармацевтикалық білім беру және ғылым саласында білікті мамандар даярлаудағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

1686 4

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар