Электрондық бенчмаркинг аясындағы онлайн кездесу

14 Сәуір 2021, 9:57 am
67 рет оқылды

 

1677 1

2021 жылғы 9 сәуірде Erasmus+ AccelEd «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде мейіргерлік білім беруді дамытуды жеделдету» бағдарламасының серіктестері JAMK университетінен (Финляндия), Қарағанды медициналық университетінен, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясынан, Шымкент қаласының облыстық клиникалық ауруханасынан Zoom платформасында онлайн кездесу өткізді.

Кездесу аясында «ОҚМА» АҚ «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А. Сейдахметова академия мен тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдар арасындағы ынтымақтастық процесінің ұйымдастырушылық құрылымы мен блок-схемасының тұсаукесерін ұсынды.

JAMK қолданбалы ғылымдар университеті және Қарағанды медицина университеті командаларының мүшелері электрондық бенчмаркинг шеңберінде Мейіргер ісіндегі ынтымақтастықтың ағымдағы тәжірибесі туралы сұхбат өткізді. Пікірталасқа А.А. Сейдахметова, У. А. Ходжакулова, К. Е. Жапабаева қатысты.

Онлайн кездесуге қатысушылар түрлі деңгейдегі Мейіргер ісі мамандарының зерттеу жүргізу мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ академиялық бакалавриат студенттерінің дипломдық жұмыстарын, магистранттардың диссертацияларын жазу мүмкіндіктері туралы қызықты мәселелерді талқылады. ЖОО-да және практикалық денсаулық сақтау мекемелерінде мейіргер ісін дамыту бойынша ағымдағы жұмыстар талқыланды.

Кездесу барысында мейіргерлермен студенттерді тәлімгерліктің ағымдағы мәселелері және жұмысты жақсарту жолдары анықталды. Қ.Е. Жапабаева мейіргерлерді оқыту үшін ынтымақтастықты дамыту және нығайту туралы өзінің көзқарасын ұсынды.

Пікірталас келесі тақырыптар мен сұрақтар бойынша өтті:

Академия мен клиникалық базалар арасындағы жемісті серіктестіктің сипаттамасы. Ағымдағы серіктестік және ынтымақтастық, ықтимал ортақ мақсаттар, жоспарлар сипаттамасы. Ынтымақтастықта стратегия әзірлеу.

Бірлескен даму жоспарларын / стратегиялық жоспарлау және құру процесі.Табысты серіктестікті құру жолдары.

Ынтымақтастықты құру және қалыптастыру процесі. Конструкция және модель жасау. Әлеуетті арттыру.

Әлеуетті арттыру бойынша ағымдағы бірлескен іс-шаралар. Әріптестікті басқару. Әлеуетті арттыру бойынша ағымдағы бірлескен іс-шаралар. Серіктестікті басқару. Қолданбалы әдістер мен тәсілдер. Ынтымақтастықта қолданылатын әдістер мен құралдар.

1677 2

1677 3

1677 4

1677 5

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар