«Шұғыл жағдайлар» атты конкурс

8 Сәуір 2021, 1:10 pm
334 рет оқылды

2021 жылдың 6 сәуір күні «ОҚМА» АҚ Тәжірибелік дағдылар орталығында «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасы «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын 5 курс ЖМҚБ-03-16, ЖМҚАБ-04-16,ЖМҚАБ-05-16 топтарының студенттері арасында «Шұғыл жағдайлар» атты конкурс ұйымдастырды.

1674 1

Студенттерді дайындау және конкурсты ұйымдастырумен кафедраның ассистенттері айналысты¬ - Ходжакулова Умида Абдувалиевна, Алибекова Жансая Рамешовна, Әуезханқызы Дана, Ерімбет Бекзат Мыңбайұлы, Юнусметов Элдор Шавкатович.

Бұл конкурсқа төреші ретінде қатысқандар: медициналық факультет деканының орынбасары - Байназаров Данияр Асанович, ТДО басшысы - Абдраимова Сауле Ермековна, «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі - Сейдахметова Айзат Ашимхановна, кафедра ассистенті - Калменов Нурлан Джуманович және де шақырылған конақ – оқу – әдістемелік орталықтың әдіскері - Алдабергенова Гулзахира Сансызбаевна.

Студенттердің алдына бірнеше міндеттер қойылды: шұғыл медициналық көмек дағдыларын көрсету, шұғыл жағдайда науқастың жағдайын бағалау, жүрек – өкпелік реанимация жүргізу, студенттердің жеке қатысуы және топпен жұмысы да бағаланды.

1674 2

Конкурстың қорытындысы төмендегідей болды:

І дәрежелі дипломмен ЖМҚА-04-16 топтың студенттері Қошқарбек Нұрсултан, Қуат Ұлмекен марапатталды;

ІІ дәрежелі дипломмен - ЖМҚБ-05-16 топтың студенттері Жумагулов Бағлан, Жарқынбек Батыл;

ІІ дәрежелі дипломмен - ЖМҚБ-04-16 топтың студенттері Манап Сапарғали, Қалжан Олжас.

Кері байланыс жүргізу кезінде студенттер конкурсты ұйымдастырғаны үшін кафедраға алғыс айтты.

Материалға баға беріңіз
(3 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар