ДИСТАНЦИОНДЫ РЕЖИМДЕГІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

25 Наурыз 2021, 11:29 am
354 рет оқылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина Университетінің (Сеченов Университеті) А.П. Нелюбин атындағы Фармация Институты қарамағындағы А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының доценті, фарм.ғ.к. Смирнов Валерий Валерьевичтің академиялық ұтқырлығы аяқталды.

Екі жоғарғы оқу орындары арасында қол қойылған Меморандумға сай Валерий Валерьевич «Фармация» мамандығының 5 курс студенттері мен I, II оқу жылы магистранттарына дәрістер оқып, «Биоаналитикалық химия және токсикология» пәні бойынша лабораториялық сабақтар мен ОСӨЖ-дерге онлайн режимде қатысты.

1668 1

Академиялық ұтқырлық курсының бағдарламасы жоғары деңгейде жүргізіліп, академиялық дәстүрлер және аудиториямен тікелей байланыстың жылы сезімін біріктірді. Ксенобиотиктердің химия-токсикологиялық талдауы мен допинг-бақылауда қолданылатын заманауи сынаманы дайындау әдістеріне жататын дисперсионды сұйықтық-сұйықтық экстракция, сұйықтық-сұйықтық микроэкстракция, алдын-ала және дәлелдейтін сынамалардан тұратын материалдарды үйірімді жеткізуіне аудитория аса тәнті болды.

1668 2

Смирнов В.В. ксенобиотиктердің химия-токсикологиялық талдауы мен допинг-бақылаулардың бірінші сатысында қолданылатын скринингтік зерттеулер қатарындағы иммундық әдістерге толығырақ тоқталып кетті. ИФТ түрлеріне жататын ELISA, EMIT және EIA, РИТ мен ПФИТ туралы жалпы ақпараттардан бөлек, лектор моноклонды антигендер жасау бойынша кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстар туралы құнды мәліметтерді жеткізді.

1668 3

ЕАЭК Фармакопеясын жасаушы авторлардың бірі ретінде иммунды әдістердің табиғаты биологиялық тектес дәрілік заттардың сапасын бақылау үшін осы нормативті құжатқа енгізілгендігін студенттер зейініне құйып кетті. Допинг-бақылау мен дәрілік заттардың ғылыми зерттеулерінде қолданылатын жоғарғы эффективті сұйықтық және газды хроматографиялардың тандемді масс-спектрометриялық талдаулары туралы материалдар жоғарғы кәсіби деңгейде ұсынылып, ал зерттелетін заттар мен олардың метаболиттері туралы толық ақпарат алуына арналған молекулалардың иондалу үрдісі анимациялық видеоконтенттермен бекітілді.

1668 4

Осындай мазмұнды және нәтижелі академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушылардың кәсіби деңгейлерінің әрі қарай нығаюы мен дәрілік заттар сапасын бақылау және ксенобиотиктер химия-токсикологиялық зерттеулері бойынша білім саласындағы соңғы нәтижелерді жақсы қалыптастыруына өз ықпалын тигізді.

Смирнов В.В. соңғы дәрісінде тыңдармандардан материалдарды ыңғайлы әрі түсінікті түрде жеткізіп, оларды көптеген өмірлік тәжірибелермен қиылыстырып жеткізгендігі үшін тәнті болып қуанған комментарийлер түріндегі кері байланыстар алынды.

1668 5

Смирнов В.В. пен фарм.ғ.д., профессор, Фармация Институтының директоры Раменская Г.В. басқарып отырған барлық коллектив мүшелеріне фармацевтикалық білім беру мен ғылым саласында білікті мамандар даярлаудағы нәтижелі жұмыстар мен өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

1668 6

Материалға баға беріңіз
(43 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар