Инсульт саласындағы қазақстандық, ресейлік жетекші мамандар Шымкентте

18 Наурыз 2021, 1:03 pm
170 рет оқылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы "Ангионеврология: инновация мен перспективалары" атты екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Онлайн алаңда инсульт саласындағы қазақстандық, ресейлік жетекші мамандар жергілікті жерлерде инсульт қызметін ұйымдастыру, тромболитикалық терапия, нейрорадиология, науқастарды оңалту бойынша мәселелермен бөліседі.

Конференция қатысушыларына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқан, "ОҚМА" АҚ ректоры М.М. Рысбеков, инсульт мәселелері жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының директоры Е.Б. Әділбеков құттықтау сөз сөйледі.

1665 1

Конференцияның бірінші күні Нұр – Сұлтан қ.Ұлттық нейрохирургия орталығының қан тамырлары және функционалдық хирургия бөлімінің меңгерушісі Е.Т. Махамбетов; Э. Ю. Соловьева - Н. И. Пирогова атындағы РҰЗМУ ҮКББФ неврология кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қ.; Д.Р. Хасанова – медицина ғылымдарының докторы, Қазан мемлекеттік медицина университетінің неврология кафедрасының профессоры,Қазан қ.; Р.М. Кастей - Алматы қ. №7 Қалалық клиникалық ауруханасының қан тамырлары нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі; С. Т. Туруспекова - ҚазҰМУ неврология кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ.; З.Б. Ахметжанова - медицина ғылымдарының магистрі,. АМУ неврология кафедрасының ассистенті, Нұр-Сұлтан қ.; Е.В. Екушева - Ресей ФМБМ ФҒКО ФМБА дипломдық жұмыстан кейінгі білім академиясының жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қ.; Ж. А. Жолдасова - невроздар мен Альцгеймер ауруларын емдеу орталығының директоры, Алматы қ. және т. б. сөз сөйледі.

1665 2

Конференция модераторы неврология кафедрасының меңгерушісі Н.А. Жарқынбекова атап өткендей, Шымкентте Наурыз қарсаңында №2 және №3 қалалық ауруханалардың базаларында ашылған екі инсульт орталығы есігін айқара ашты. Бұл қала билігі, Денсаулық сақтау басқармасы және ғылыми қоғамдастық халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүдделі екенін тағы бір рет көрсетеді. Бір инсульт орталығы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша 250 мың адамға қызмет көрсетуге есептелген.

1665 3

Жаңа орталықтардың жұмыс істеуі қажет, өйткені инсульт алған науқастар санының өсуі байқалады. Мәселен, 2020 жылы Шымкентте 4000-ға жуық адам инсультпен ауырған. Түркістан облысына келетін болсақ, бүгінде 9 инсульт орталығы ашылып, жұмыс істейді. 2020 жылы неврологтарға 5000 адам медициналық көмекке жүгінді. Оларда қызметті жетілдіру және инсульт бойынша жол картасы индикаторларының орындалуын мониторингтеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Орталықтарды құру және олардың жұмыс істеуі пациенттерге білікті дәрі-дәрмек және хирургиялық көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар Оңалту процестерін бірнеше есе жетілдіруге мүмкіндік береді, деп Н.А.Жарқынбекова атап өтті.

Ертең мәселелерді талқылау үшін Қазақстан мен Ресейдің білім алушы магистранттары, докторанттары, резиденттері, жас ғалымдары қатысып, баяндама жасайды.

Райхан Шаймерденова.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар