2021 жылдың 11 наурызында «ОҚМА» АҚ-да «ЖОО мен жұмыс берушілер: жетістікке қол жеткізу үшін өзара серіктестік» тақырыбында Оnline дөңгелек үстел өткізілді

18 Наурыз 2021, 10:28 am
168 рет оқылды

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары: медицина факультетінің деканы, интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканы, резидентура бөлімі және "ОҚМА"АҚ басшылығы.

Дөңгелек үстел жұмысына 70-тен астам қатысушылар онлайн қосылды, олардың ішінде Шымкент қаласының, Түркістан облысы, Павлодар қаласының, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдері, Шымкент қалалық "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы өкілі, "ОҚМА" АҚ басшылығы, сондай-ақ "Жалпы медицина" және "Педиатрия" БББ профессорлық-оқытушылық құрамы және ЖОО білім алушылары бар.

1662 1

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қазіргі жағдайда ғылыммен және тәжірибемен интеграциялау арқылы медициналық білім беру сапасын арттыру, жұмыс берушілердің сұраныстары мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, БББ бірлесіп әзірлеу, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

Дөңгелек үстел - бұл мүмкіндіктерді іске асыруға арналған алаң:

жұмыс берушілер үшін: тәжірибелік қызметке даярланған жас мамандарды алу, оларды даярлау процесіне қатысу және оларды даярлау сапасына ықпал ету мүмкіндігі;

ЖОО үшін: білім беру процесін және өндірістік практиканы сапалы ұйымдастыру мүмкіндігі, сондай-ақ білім алушының одан әрі жұмысқа орналасуы.

Дөңгелек үстелдің модераторы ОӘжТЖ бойынша проректор, м.ғ.д. М. У.Анартаева болды.

1662 2

1662 3

Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан бөлім басшысы Мәдина Тұрсынбекова сөз сөйледі. Өз сөзінде ЖОО мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылының маңыздылығы және ЖОО қызметінің сапасы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші, оның білім беру нарығы мен еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды критерийлерінің бірі болып табылатындығын атап өтті.

1662 4

Дөңгелек үстел барысында тәжірибелік денсаулық сақтау үшін әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру және түлектердің сәтті жұмыс істеуі үшін қажетті құзыреттер, сондай-ақ тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мен академияның оларды дамытуға болатын өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.

1662 5

1662 6

1662 7

Дөңгелек үстелге қатысушылар осындай іс-шараларды өткізудің өзектілігі мен маңыздылығын растады, жоғарыда аталған мәселелерді әрі қарай талқылауға жоғары қызығушылық танытты және Академиямен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Олар мамандарды сапалы даярлау шарттарының бірі тек өзара іс-қимыл ғана емес, академияның жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастығы, яғни барлық мүдделі тараптардың іс-қимылдарының келісілуі, олардың арасында өзара түсіністіктің болуы және жағдайдың жалпы көрінісін жасауға ұмтылу болып табылатынын атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қарар (резолюция) қабылданды.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар