Версия для печати

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не «ОҚМА» АҚ-ның оқытушысы Ш.Т. Полатбекованың академиялық ұтқырлығы

16 Наурыз 2021, 9:11 am
168 рет оқылды

2021 жылдың 1-12 наурыз аралығында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының оқытушысы Ш.Т. Полатбекова академиялық ұтқырлық аясында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Микробиология және вирусология» кафедрасында «Ауыз қуысының микробиологиясы» пәнінен келесі тақырыптар бойынша сабақ өткізді:

1. Клиникалық микробиология негіздері. Грам оң және Грам теріс кокктармен шақырылатын стоматологиялық аурулар. Олардың сипаттамасы. Микробиологиялық зерттеу әдістері. Одонтогенді инфекциялар.

2. Патогенді және шартты патогенді микобактериялар. Ауыз қуысының туберкулезі. Патогенді және шартты патогенді коринебактериялар. Бордетеллалар. Ауыз қуысы патологиясындағы рөлі.

Сабақтар оқытудың заманауи әдістері бойынша «Стоматология» мамандығының 2 курс студенттеріне қазақ тілінде өткізілді.

1659 1

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)