«БИОЭТИКА: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК - АСПЕКТ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ

10 Наурыз 2021, 11:24 am
152 рет оқылды

2021 жылдың 22 ақпаны мен 6 наурызы аралығында ОҚМА базасында биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия ұйымдастырған «Биоэтика: теориялық және әлеуметтік - аспект» тақырыбында 108 сағат көлемінде қосымша кәсіптік білім беру курсынан өтті. Оқу формасы ZOOM платформасында онлайн режимде өтті.

Курсты Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының (TМСИ) биоэтика курсымен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры, ЮНЕСКО ЮНИТВИН тобының жетекшісі, фил.ғ.д., профессор З.М. Мухамедова оқыды. Курсқа ОҚМА профессорлық-оқытушылық құрамынан 70 тыңдаушы қатысты.

Курстың мақсаты мен міндеттері қосымша кәсіптік оқыту бағдарламасын меңгеру үшін қажетті құзыреттер тізіміне сәйкес тыңдаушыларды сапалы оқыту болды.

Курс тыңдаушылары келесі тақырыптармен таныстырылды:

● Биоэтика: оның пәні, мәртебесі, мәселелер ауқымы. Биоэтиканың тарихы және теориялық негіздері. Нюрнберг кодексі. Биоэтиканың модельдері мен принциптері. Принципиалисттік қағида.

● Жекелеген медициналық салалардың этикалық мәселелері: адамның репродукциясына медициналық араласудың этикалық аспектілері: тарихы және заманауилығы, адам репродукциясына араласу (түсік жасату, зарарсыздандыру, ЭКО, ИИС, суррогат ана).

● Биомедициналық зерттеулер этикасы. Адамдар мен жануарларға жасалған тәжірибелер: құқықтық және моральдық негіздер.

● Фармацияның биоэтикасы. Талидомидті апат. Клиникалық зерттеу, өндіру, д.з. сақтау бойынша халықаралық стандарттарды қабылдау. Биоэтика және қоғам. Медицинаны ізгілендіру мәселелері. Биоэтика және оның биополитикамен байланысы: қоғамның биоэтикалық мәдениетін қалыптастырудағы қоғамдық денсаулық сақтаудың, азаматтық қоғам институттарының және құқықтық реттеудің рөлі.

● Биоэтиканы халықаралық-құқықтық реттеу және биоэтиканы дамытудағы ДДҰ, ЮНЕСКО, ХМА халықаралық ұйымдарының рөлі. Биоэтика және адам құқықтары туралы декларация. Медициналық ЖОО-лардың оқу процесінде ЮНИТ топтарының рөлін белсендіру. Жаһандық биоэтика: мәні мен мазмұны. Биоэтикалық мәселелерді шешуге арналған әлеуметтік контекст.

Курс қорытынды тапсырма тапсырумен аяқталды. Тесттен сәтті өткеннен кейін тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

ОҚМА-ның Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы.

1656 1

1656 2

1656 3

1656 4

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар