Жас ғалымдардың пәнаралық конференциясы «COVID-19. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Профилактикасы»

2 Наурыз 2021, 2:41 pm
113 рет оқылды

2021 жылғы 24 ақпанда «Астана медициналық университеті» КАҚ балалардағы жұқпалы аурулар кафедрасы, «№1 CLUB OF YOUNG SCIENTISTS AND INFECTIOLOGISTS» ғылыми клубы, «Дәрігер инфекционистер қоғамы» аймақтық қоғамдық бірлестік «COVID-19. Клиникасы. Диагностикасы. Емі. Профилактикасы.» тақырыбына жас ғалымдардың пәнаралық конференциясын өткізді.

1646 1

Конференцияға ҚР ЖООның докторанттары және магистранттары, тәжірибедегі дәрігерлер, инфекционист-резиденттер және дәрігер-интерндер қатысты. Конференцияға қатысушылар COVID-19 бойынша өзекті мәселелер мен сұрақтарды ашатын баяндамалар жасады. Коронавирус инфекциясы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен клиникалық жағдайлар ұсынылды.

Конференцияға ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының резиденттері, докторант және магистранты, барлығы 14 баяндамамен белсенді қатысты. Пленарлы мәжілісте «Сравнение некоторых вопросов патогенеза COVID-19 и ККГЛ» тақырыбына 2курс резидент-инфекционист Таңатар А.Ә. баяндама жасады.

1646 2

Ғылыми жетекшілері: м.ғ.к., профессор Абуова Г.Н., Phd, доцентм.а. Бердалиева Ф.А. резидент-инфекционистер Нұрмағанбет С. Д., Тамырбаева А. М.«The Pancreatopathyin COVID-19» баяндамасымен, ғылыми жетекшілері: м.ғ.к., профессор Абуова Г.Н., Phd, доцентм.а. Бердалиева Ф.А. резидент-инфекционистер Нұрәзімова Қ.Н., Нигматов Ф.Ф. «Сходства и различия лабораторных данных при COVID-19 и ККГЛ» баяндамасы бойынша - жүлделі орындарға ие болды.

1646 3

Аширова М.З., Әштаева С.Т. «Особенности гемофагоцитарного синдрома у детей при COVID-19» баяндамасымен, Исахан Ш. Ш., Насыров А.Х. - «Дәрігер тәжірибесіндегі COVID–19–ассоцирленген гепатит» баяндамасымен, Сейілхан А. А., Құрманқожа Б.Қ. - «COVID-19 кезіндегі неврологиялық көріністер» баяндамасымен, Сапарбеков И. Қ., Құлназарова Б. -«Коронавирусты инфекцияның КҚҚГ-нан айырмашылықтары мен ерекшеліктері» баяндамасымен, Жораханова Б.А., Баяхметова М.М. - «COVID-19 кезіндегі асқынулар» баяндамасы бойынша грамоталармен марапатталды.

1646 4

Осындай ғылыми іс-шаралар жас ғалымдардың еңбек нарығындағы әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар