«AntiParaCraft» студенттік квест ойыны

25 Ақпан 2021, 4:38 am
193 рет оқылды

2021 жылдың 23 акпан күні жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа әдісі ретінде Ақмола облысындағы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің бастамасымен жүзеге асырылып отырған «AntiParaCraft» студенттік квест ойынының эстафетасын Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшылығымен студенттер алды.

1644 1

Квест интерактивті ойын, онда командалар білім беру процесінде берілген белгілер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға үйренеді. Квесттің мақсаты - құндылық бағдарларын тәрбиелеу және жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті қабілеттерді дамыту. Жастардың санасына 21 ғасыр тек білім, ғылым мен еңбек ғасыры жемқорлыққа жол екенін сіңдіру.

Квест міндеттері:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру, адалдыққа, тәрбиелеу.

- сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті насихаттау және алдын алу. Университет студенттері, ПОҚ және қызметкерлері арасында этикалық нормаларды сақтау мониторингі.

Ойынға академиядағы факультеттер арасынан 4 команда катысты. Ойын 3 кезеңнен тұрып,тартысты әрі қызықты өтті. Бірінші кезең сұрақ жауап, екінші кезең пікір сайыс, үшінші кезең оз ойларын ортаға салу. Ойын барысында өз тәртібімен және білімімен көзге түскен «Фармация» тобы 1-ші орынды алса,2-ші орынды өздерінің өткір ойларымен және пікірлерімен «Болашак» АЖО, 3-ші орынды «Медицина» және 4-ші орын «Медицина» колледжі командасы иеленді.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар