Версия для печати

ҚАЗАҚСТАНДА МЕЙІРГЕРЛІК ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ: МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

23 Ақпан 2021, 4:48 am
154 рет оқылды

 

 1626 1

 

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесі мейіргер ісінің маңыздылығын арттыруға тырысады. Қазақстандық медицина саласында біраз маңызды өзгерістер болып жатыр және осы мамандықтың жауапкершілігі мен маңыздылығын арттыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Мейіргерлердің рөлі шешуші болып табылады, өйткені олар пациенттерді кешенді күту, оңалту және аурудың алдын алу дағдыларына ие, сондықтан олардың өз құзыреті шегінде әр түрлі білімі бар. Сондай-ақ клиникалық және коммуникативтік дағдыларды жетілдіріп қана қоймай, зерттеу дағдыларын да жетілдіру маңызды.

Осыған байланысты Қазақстандағы магистратура және PhD докторантура деңгейлерінде мейіргер ісін жетілдіруге арналған жаңа жоба – Accelerating Master and PhD level nursing education development in the higher education system in Kazakhstan AccelEd – өз жұмысын бастады. Осыған орай, 2021 жылғы 11-13 қаңтарда және 2021 жылғы 10-12 ақпанда осы жобаны іске қосу бойынша онлайн кездесу өткізілді.

AccelEd жобасының қазақстандық және еуропалық серіктестері қаңтар айындағы алғашқы кездесуде мейіргер ісіндегі заманауи мәселелерге, мейіргер ісіндегі жаңашылдықтарға, осы мамандық бойынша білім алушылар мен қызмет жасап жүрген мейіргерлерге арналған жаңа перспективаларға байланысты жобаның мақсаттарын талқылады. Кездесуге Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің, ДДҰ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық Денсаулық сақтауды дамыту орталығының, «Парыз» мейіргерлер қауымдастығының өкілдері және Қазақстан, Литва, Финляндия, Нидерланды елдерінің медициналық университеттері қатысты.

Жоба қызметкерлері, AccelEd Атқарушы кеңесі және Академиялық- консультативтік кеңесі қатысқан 10-12 ақпанда өткен екінші кездесуде, мейіргерлік ғылымды нығайтуға жауап беретін академиялық жұмыс пакеттері, сондай-ақ әр пакеттің біріктірілген жоспарлары ұсынылды.

AccelEd жобасы Еуропалық Одақтың жоғары білімді дамытуға бағытталған Эразмус + бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистратура және докторантура деңгейінде білім беруді насихаттау, бұл мейіргерлерге ғылыми-зерттеу қызметінде өз машықтарын дамытуға мүмкіндік береді. Жоба шеңберіндегі тағылымдамалар мен оқу курстарының арқасында магистранттар мен докторанттар, оқытушылар қызметтеріне қатысты білімдерін және ғылыми түсініктерін кеңейте алады.

 

Байланысушы тұлға: Астана медицина университеті баспасөз қызметінің бас маманы Елес Муратбек, +7 777 144 5403.

 

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)