«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбы аясында өткізілген поэзия кеші

17 Ақпан 2021, 8:30 pm
74 рет оқылды

2021 жылдың 11 ақпанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ жанындағы медицина колледжінің «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасы мен кітапханалық – ақпараттық орталығы бірлесе отырып, медициналық колледж оқу залында Поэзия падишасы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия кеші offline, on-line форматта өтті. Поэзия кешіне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тайжанова М. А., Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев А.Т., кафедра оқытушылары және колледжде білім алатын студенттер қатысты.

Кіріспе сөз Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлына берілді. Ақын мұраларының өміршеңдігі мен өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі рөліне тоқталып өтті.

Ақынның өмірін баяндайтын деректі фильм ұсынды. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына, ақынның поэзияларынан үзінділер оқылып, өлеңдеріне жазылған әндері шырқалды.

1640 1

Сонымен бірге кітапханалық - ақпараттық орталығының кітапханашысы Қуанышбекова Е. А. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітаптар көрмесін таныстырды.

1640 2

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тайжанова М.А. Мұқағали Мақатаев өзінің аз өмірінде әдебиетімізде мол мұра қалдырған дарынды жан екенін, қысқаша айтып өтті. Белсене қатысқан студенттер алғыс хатпен марапатталды.

1640 3

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар