«Жыр жауһары – Жамбыл» атты поэзия кеші

17 Ақпан 2021, 9:10 am
81 рет оқылды

2021 жылдың 15 ақпан күні «Шабыт» өнер ұйымының ұйымдастыруымен улкен мәжіліс залда “Жыр жауһары Жамбыл” Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған поэзия кеші өтті. Поэзия кешін өткізудегі мақсат академиядағы білім алушылардың таланты мен дарынын шыңдауға қолдау корсету. Оқу орнының белсенді жастарын таныту. Іс-шараға академиядағы факультеттер арасынан 7 студент катысып «Жыр жауһары - Жамбыл», «Поэзия әлемі», «Әдебиет әлемі» кезеңдері бойынша бақ сынасты.

1639 1

Поэзия кешін Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып беріп, жастарға сәттілік тіледі.

Әділ қазылар алқасында студенттік ректор Әділет Қасқаров, Қалқаманова Майра, С.Ерубаев атындағы «Сыр сандық» ұйымының басшысы Санат Пазыл төрелік етті.

I орынды 13-ЖМҚБ-05-19 тобының студенті М.Пазыл, II – орынды 13-ЖМҚБ-04-20 тобының студенті Д.Зайниддинова, III – орынды ФҚА-02-20 тобының студенті С.Есенали алды. Барлық қатысушыларға кәсіподақ ұйымы атынан марапаттау қағазы және қаржылай сыйлықтар берілді.

1639 2

Жамбыл шығармалары бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келеді, бұл туралы студенттердің ақын шығармашылығына деген қызығушылығы куәландырды. Оларды қазіргі жастар біледі, оқиды. Ұлы ақынның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа сақталатынына сеніміміз мол.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар