Версия для печати

Докторантураға үміткерлер назарына!

10 Ақпан 2021, 11:03 am
511 рет оқылды

 

«Оңтүстік Қазақстан медицина академия» АҚ-да 01.02.2021ж. нен 21.05.2021ж. дейін (PhD) докторантураның келесі мамандықтары бойынша алдын ала іріктеуге құжаттар қабылдануда:

8D10140 «Фармация»

8D10141 «Медицина»

Алдын ала іріктеуден өтуге үміткер тұлғаларға арналған құжаттар тізімі:

1. «ОҚМА» АҚ ректорының атына өтініш (үлгі қоса беріледі);

2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3. Резидентураны немесе магистратураны бітіргені туралы куәлік (резидентурада немесе магистратурада оқуды аяқтағандар үшін);

4. Резидентура немесе магистратурада оқу туралы куәлік (резидентура немесе магистратурада оқитындар үшін);

5. Жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжат (магистратураны аяқтаған адамдар үшін жұмыс өтілі кемінде 1 жыл);

6. Еркін түрде жазылған ынталандырушы хат (А4 қағазында, көлемі 2 беттен аспайтын, Times New Roman шрифтінде, шрифт өлшемі 14), төмендегі сұрақтарды қамтитын:

- Не себепті сіз «ОҚМА» АҚ-да оқығыныз келеді??

- мақсаттарыңызды жүзеге асыру бойынша болашақтағы жоспарларыңыз

- осы жоспарларыңызды жүзеге асыруға таңдаған мамандығыңыз қалай септігін тигізеді

- осы мамандық бойынша бұрын алған біліміңіз бен жұмыс өтіліңіз қандай

- Не себепті академия сізді таңдауы керек, сізді басқа кандидаттардың арасында ерекше немесе айрықша ететіні не?

7. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);

8. Жоспарланатын ғылыми зерттеу жұмысының аннотациясы;

9. Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат: (бар болған жағдайға; егер болмаған жағдайда, онда ол оқуға құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңіне ұсынылуы керек).

 

Ескерту: докторантураға оқуға түсуге үміткерлердің екінші кезеңге өтініш беру сәтінде «магистр» дәрежесі және жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл болуы немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентура курсынан өтуі қажет.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 20 мамырына дейін.

Сұхбат 2021 жылдың 21-31 мамыр аралығында жүргізіледі.

Құжаттар файлдық папкада Аль-Фараби даңғылы 1, 4 қабат, 424 кабинетке немесе сканерленген нұсқада (e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.) электронды мекен-жайға тапсырылады.

 

8 747 453 83 49 немес 8 747 131 97 97 нөмірлеріне хабарласып кеңес алуға болады.

 

Алдын ала іріктеуге құжаттардың толық емес тізімін ұсынған кезде өтініш берушінің өтініші қаралмайды!

Материалға баға беріңіз
(4 баға берілді)