Құрметті 1,2,3 курс студенттері!!!

8 Ақпан 2021, 5:47 pm
108 рет оқылды

1633 1

8 ақпаннан 31 наурызға дейін «ОҚМА» АҚ әскери кафедрасында 2021-2022 оқу жылына «Жерүсті әскерлердегі емдеу ісі», «Фармация», «Құрлық әскерлерінде медициналық қамтамасыздандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша 2 жылдық ақысыз оқуға қабылдау басталды.

Әскери дәрігер болу үлкен мүмкіндіктер береді:

1) тұрақты және жоғары жалақы, сыйақылар, жылсайыңғы сауықтыру бойынша жәрдемақы төлеу;

2) әскери қызметшілердің және олардың жанұя мүшелерінің ақысыз медициналық қамтамасыздандырылуы;

3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан ақысыз пәтер алу (немесе жалақыға қосымша тұрғын үй төлемдерді алу);

4) шет елдерде ақысыз білім алу, атап айтқанда Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында және т.б. елдерде;

5) бітімгершілік миссияларды орындау үшін шет елге шығатын бөлімшелердің құрамында шет елдерге шығу;

6) зейнетке ерте шығу (подполковникке дейін – 48 жаста, полковниктер – 55 жаста).

Әскери кафедрада оқуды аяқтағаннан соң, Сізге «медицина қызметінің лейтенанты» деген алғашқы әскери атағы беріледі. Әскери кафедраға оқуға түсу үшін, Сізге әскери кафедраға келіп өтініш жазу қажет.

Және де, медицина қызметінің сержанттарын дайындауға қабылдау ашылды. Оқу мерзімі – 1 жыл. Дайындықты аяқтағаннан соң – «медицина қызметінің сержанты» әскери атағы беріледі. Осы курсты аяқтаған түлектер, ЖООды аяқтаған түлектер, әскерге шақырылмайды.

 

Байланысу үшін: 

Мекен жайымыз: Шымкент қ. Әл-Фараби алаңы 1/1, әскери кафедра ғимараты, 1-ші қабат, 2-бөлме.

08:00 - 16:30 уақыт аралығы, 8-777-109-95-55, Әсем.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар