Республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісімен кездесу

3 Ақпан 2021, 10:10 am
120 рет оқылды

1632 1

2021 жылдың 2 ақпан күні ОҚМА мен Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесіп республика өңірлерінде сыбайлас жемқорлық бағытында құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мәселелері бойынша барлық мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындарының, орта арнаулы оқу орындарының, білім басқармасының қатысуымен онлайн жиналыс өткізілді.

1632 2

Аталған жиынға республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А.Токушев, Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Т.А.Серікбаев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы А.М.Қабылдин, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушы Ахметова А.А., ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Е.Қ., сонымен қатар, жоғары оқу орындарының басшылары, «Sanaly urpaq» студенттік клубының белсенділері қатысты. Модератор Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Ж. іс-шараны жүргізді.

1632 3

Жиналыста басқарма басшысы Е.Қ.Сәлім ОҚМА-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарымен таныстырып шықты. Оның ішінде «Sanaly urpaq-тың» жұмысына кеңірек тоқталды. Жиналыс соңында Қ.А.Токушев оқу орындарындағы «Sanaly urpaq» жұмыстарына қатысты өзінің ұсыныстарымен бөлісті.

1632 4

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар