Фармацевтикалық білім беруді дамытудың қазіргі мәселелері

21 Қаңтар 2021, 10:42 am
163 рет оқылды

2020-2021 оқу жылында «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі оқу-әдістемелік бірлестігінің «ҚР фармацевтикалық кадрларды дайындаудың концепциясы» жобаларын басқару тобы өз жұмысын жалғастыруда.

Жобаларды басқару тобына 7 негізгі медициналық ЖОО, 3 көпмамандандырылған университеттер, 2 медициналық колледж кіреді, сонымен қатар жиналысқа қатысуға жұмыс берушілер шақырылады.

1629 1

Ағымдағы оқу жылына білім беру бағдарламаларын жасау, «Фармация» мамандығы бойынша (магистратура мен докторантура) диссертациялық жұмыстардың қайталануын алдын-алу мақсатында ашық және үнемі жаңартылатын диссертациялық тақырыптардан тұратын база мәліметтерін қалыптастыруға арналған сұрақтар жоспарланған. Тиісті фармацевтикалық тәжірибе (GxP) саласына бағытталған жұмыстар шеңберін ұлғайту. Магистерлік және докторлық диссертацияның қолданбалы сипатын күшейту, дәріс оқу және/немесе оқу сабақтарының басқа түрлерін өткізуге, әсіресе дистанционды білім беру технологияларын қолдана отырып, жоғары мамандандырылған тәжірибелік қызметкерлерді қатыстыру, тәжірибе алмасу, білім алушылар мен ПОҚ және т.б. академиялық ұтқырлығын дамыту бойынша сұрақтарды талқылау.

Қазіргі таңда университеттер арасында еңбек нарығының өкілдерімен кездесулер өткізіліп, ең өзекті мәселелер жобаларды басқару тобының жиналысында талқыланды.

«Фармация» білім беру бағдарламасының өндірістік базаларында өндірістік технология саласына қажетті дағдыларды меңгеру үшін кәсіби тәжірибеге жіберу бойынша туындаған мәселелерді төмендетудің мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. GMP талаптарын ескере отырып жеке меншікті симуляциялық алаңдар (симуляциялық лабораториялар, ғылыми-өндірістік кешендер және т.б.) жасау мүмкіндіктері қарастырылсын.

Заманауи жағдайда фармацевтикалық кадрларды дайындауға қажетті дуалды білім берудің қажеттілігін жоғарлату керек. Дуалды білім беру арқылы бітірушілердің жұмыспен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша еңбек нарығымен ынтымақтастықты жоғарлату. Бағдарлама түлектерінің жұмысқа орналасу мерзімін 1-2 айға дейін қысқарту. Дуалды білім беру мен жұмысқа орналасудың мониторингын жүзеге асыру қажет.

Білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша бітіруші курста кәсіби тәжірибе ұзақтығын 10-ға дейін және одан жоғары кредитке жоғарлату мүмкіндігін қарастыру.

Жұмыс берушілер білім беру бағдарламасына кіретін пәндердің ағылшын тілінде жүргізілуін жоғарлатуды ұсынып отыр.

Білім беру бағдарламаларын жасауда фармацевтикалық қызмет бойынша кәсіби стандарттарды негізге алу керек. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жасау үшін фармацевтикалық кадрларды дайындаудағы халықаралық тәжірибені ескеру қажет.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар