Жоғары оқу орындар-серіктестерімен ынтымақтастық жалғасуда!

15 Қаңтар 2021, 5:04 pm
219 рет оқылды

Медициналық білім беруді интернационалдандыру шеңберінде 2020 жылдың 17 қарашасы мен 9 желтоқсан аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша Zoom платформасында онлайн-дәрістер өткізілді.

Польша серіктес ЖОО-ның профессорлары WSB-NLU (Nowy Sacz Graduate School of business-National Louis University, Poland) Януш Собонь, Руслана Селезнёва, Уршула Коласинска дәріс тақырыптарымен таныстырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтардың жаңа көрінісін ұсынды.

Профессор Януш Собонь тыңдаушыларды денсаулық сақтаудағы ақпараттық менеджментпен және ынталандыру теорияларымен және оларды басқару практикасында қолданумен таныстырды.

Доцент Руслана Селезнёва келесі тақырыптар бойынша дәрістер курсын оқыды: 1). Медициналық қызмет барысындағы басқарушылық шешімдер. Шешім қабылдау әдістері мен жеке стильдері. Шешімдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау; 2). Сырқаттанушылыққа, мүгедектікке және өлімге байланысты экономикалық залалдың құрылымы; 3). Денсаулық сақтаудың нарықтық жүйесінің негізгі принциптері. Денсаулық сақтаудағы ақпараттандыру және мобильді қосымшалар; 4). Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру (бастапқы және ауруханалық, стационарлық).

Профессор Уршула Коласинска денсаулық сақтауды қаржыландыру негіздері туралы ақпарат берді. Ол әлемдегі денсаулық сақтау жүйелері мен нысандары туралы айтты.

1628 1

1628 2

1628 3

Онлайн-дәрістер барысында студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, кері байланыс берді. Келесі студенттерді ерекше атап өткім келеді: Асқаров Джафар, Функнер Андрей және Бейсен Думан.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар