ҚАЗАҚСТАНДА МЕЙІРГЕР ІСІНІҢ ДАМУЫ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР

14 Қаңтар 2021, 8:27 pm
224 рет оқылды

 

 1626 1

 

Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру бойынша жаңа жоба – AccelEd Accelerating Master and PhD level Nursing Education Development in the Higher Education System in Kazakhstan – іске қосылып жатыр деген жақсы хабармен бөлісудеміз.

Осыған орай, 2021 жылғы 11-13 қаңтарда AccelEd жобасын іске қосу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуде қазақстандық және еуропалық серіктестер мейіргер ісіндегі заманауи талаптарға, мейіргер ісіндегі инновацияларға, осы мамандық бойынша білім алып жатқан студенттерге және жұмыс жасап жатқан мейіргерлерге арналған жаңа перспективалар мен мүмкіндіктерге байланысты жобаның мақсаттарын талқылады.

Кездесуге Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының, «Парыз» мейіргерлер қауымдастығының, Қазақстан, Литва, Финляндия және Нидерланды медициналық университеттерінің өкілдері қатысты.

AccelEd жобасы Еуропалық Одақтың жоғары білімді дамытуға бағытталған Эразмус+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша оқытуды ілгерілетуге мүмкіндік береді, мейіргерлерге клиникалық тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар оқу-зерттеу жұмыстарында өзін-өзі тануға кең мүмкіндіктер береді. Жоба шеңберіндегі семинарлар, мастер-класстар мен тағылымдамалардың арқасында магистранттар мен докторанттар, оқытушылар өздерінің қызметтері туралы білімдерін және ғылыми түсініктерін кеңейте алады.

Ғылым әрдайым ресурстардың тиімділігін арттыруда және жаңа әдіснамалар мен даму құралдарын табуда маңызды рөл атқарды. Осыған байланысты мейіргерлік ғылым да дұрыс бағытта дамуы керек, өйткені ол медицина саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің мүмкін жолдарын іздестіруде маңызды компонент болып табылады.

 

Байланыс үшін: Астана медицина университеті баспасөз қызметінің жетекшісі Динара Қожахметова, +7 701 492 8649, бас маман Елес Муратбек, +7 777 144 5403.

 

 

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар