2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқытудың аралас форматына өту

8 Қаңтар 2021, 12:50 pm
171 рет оқылды

 

Құрметті әріптестер мен студенттер!

Біз, 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде дәстүрлі оқытуға біртінден көшетіндігімізді хабарлаймыз.

ҚР білім және ғылым мен денсаулық сақтау министрліктерімен ағымдағы оқу жылының көктемгі семестрінде аралас оқытуды ұйымдастыру туралы тиісті шешімдер қабылданды. Осыған байланысты, академияда көктемгі семестрді күндізгі-қашықтықтан ұйымдастыру туралы шаралар әзірленді.

Оңтүстік–Қазақстан облысындағы Covid-19 пандемиясымен байланысты эпидемиологиялық жағдай, 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқытудың аралас форматына біртінден өтуді және одан әрі күндізгі оқытуға (оқытудың дәстүрлі форматы бойынша) көшуді жоспарлауға мүмкіндік береді.

«ОҚМА» АҚ Ғылыми кеңестің шешімімен 2020 жылы 30 желтоқсанда 2020-2021 оқу жылының көктемгі семестрінде оқытудың аралас (күндізгі-қашықтықтан) форматына өту туралы бекітілді.

Көктемгі семестрдің сабақтары барлық бағдарламалар мен курстар бойынша академиялық күнтізбеге сәйкес басталады. Аралас оқыту сабақтардың тәжірибелік және лабораториялық сабақтар оқытушымен бірге күндізгі форматта аудиторияда өтетіндігін білдіреді. Дәрістерді қашықтықтан өту жоспарланып отыр.

Барлық аралас сабақ оқытуға өту кезеңінде академия еліміздегі және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға қарай әрекет ететін болады.

Оқыту міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп талаптарын сақтауды ескере отырып ұйымдастырылады.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар