«Фармацевтикалық кадрларды даярлауда ЖОО мен жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел

30 Желтоқсан 2020, 6:30 pm
397 рет оқылды

1623 1

2020 жылы 24 желтоқсан Академия басшылығының қатысуымен фармация факультетінің ұйымдастыруымен «Фармацевтикалық кадрларды даярлауда ЖОО мен жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

1623 2

Іс-шараға келесі ұйымдардың өкілдері қатысты: «Даму» фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығы, «Зерде» ЖШС ҒӨБ, «Еврофарма» ЖШС, «Абу-Акбар» ЖШС, «Рецепт» ЖШС, Сот-сараптамалар орталығының Шымкент қ. бойынша «Сот-сараптама институты» ҚР ӘМ, «Химфарм» АҚ, «Бастау» ЖШС, «Зерде Фарм» ЖШС, «Мурат-фарм» ЖШС, ЖШС «Жанға шипа» ЖШС, «03» ЖШС, Т.О.Орынбаев атындағы Облыстық гипербариялық оксигенация орталығы.

Дөңгелек үстел бағдарламасына келесі баяндамалар кірді:

1. Фармация факультетінің деканы К.Н. Дауренбеков «Фармацевтикалық кадрларды даярлауда ЖОО мен жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі»

2. Оқу әдістемелік орталығының басшысы А.Г. Ибрагимова: «Ұлттық біліктілік шеңберінен бастап оқыту нәтижелеріне дейін»

3. «Фармация» мамандығы бойынша білім беру комитетінің төрайымы Тоқсанбаева Жанат Садибековна: «Фармацевтикалық кадрларды даярлауда білім беру бағдарламасын жетілдіру»

4. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім беру комитетінің төрайымы Торланова Ботагөз Онгаровна: «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша еңбек нарығының талаптарын ескере отырып мамандарды даярлау»

1623 4

Кездесу барысында фармация факультетінің түлектерін кәсіптік қызметке дайындауға арналған білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Мәжіліс соңында жұмыс берушілер тарапынан ұсынымдар мен ұсыныстарды талқылау және бекіту жүзеге асырылды.

Материалға баға беріңіз
(1 Голосовать)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар