«ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ» ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕСІ

23 Желтоқсан 2020, 11:56 pm
513 рет оқылды

2020-2021 оқу жылының 13 қазан 14 желтоқсан аралығында 6В10106 «Фармация» мамандығының 5 курс студенттері токсикологиялық химиядан өндірістік тәжірибені 90 сағат/3кредит көлемінде дистанционды режимде өтті. Тәжірибені өту үшін Платонус, Google Classroom, Zoom ААЖ платформалары қолданылды. Алдын-ала кафедра қызметкерлері тәжірибеге қажетті контентті толық көлемде дайындады: күнделік, әдістемелік нұсқаулық, химия-токсикологиялық талдау әдістемелерінің СОПы, маңызды токсиканттардың УК- және ИК-спектрлері, видеороликтер және оларға сілтемелер.

Кафедра және ДБТ бөлімінің қызметкерлерімен токсикантардың оқшаулауы, алдын-ала сынамалары, идентификациясы мен сандық мөлшерін анықтауға арналған 40-тан астам видео-материалдар кафедра ресурсын қолдана отырып, дайындалды.

1618 1

Тәжірибе алдында студенттерге нұсқаулық конференция өткізіліп, тәжірибе өтудегі маңызды мәселелер талқыланып, әр топтың жетекшілері бекітіліп, Google Classroom платформасында жұмыс жасау түсіндірілді.

1618 2

9 апта бойы білім алушылар онлайн режимде оқытушылар жетекшілігімен «ұшқыш», «дәрілік», «металдық» улар, пестицидтер, минералды қышқылдар мен сілтілердің химия-токсикологиялық талдауы, алкоголь мен оның суррогаттары, карбоксигемоглобин, есірткі және басқа да мастандырғыш заттардың лабораториялық экспресс-диагностикасы бойынша тәжірибелік дағдыларын тереңдетіп бекітті.

Дайындалған видеороликтер бойынша трансляционды платформаларда зерттелетін токсиканттың табиғатын ескере отырып, заманауи қондырғыларда химия-токсикологиялық талдауды жүргізу, сынаманы дайындау, идентификациялау мен сандық мөлшерін анықтауға комментарийлер айтылып, заманауи инстурменталды талдау әдістерінің мүмкіндігін ескере отырып, сот-медициналық сараптаманың химия-токсикологиялық зерттеулерінің нәтижелерін интерпретациялау дағдыларын тереңдетіп бекітті.

1618 3

Әр апта сайын тәжірибе жетекшілері Google Classroom платформасына студенттерге арналған тапсырмаларды жүктеп, күнделіктерін тексеріп және білім алушылардың жұмысына комментарий жасап отырды. Осының бәрі бір сервисте орындалды. Google Classroom сервисын Документ және Диск инстументтерімен интеграциялау тек оқытушылардың ғана емес, сонымен қатар студенттердің де жұмысын жеңілдетті. Студенттер тәжірибе барысында күнделікке химия-токсикологиялық талдауды жүргізу тәртібін жазып, ИК-спектрлерді талқылап, нәтижелерді интерпретациялап, қорытындылар жасады.

1618 4

Тәжірибе аяқталған соң ZOOM платформасында студенттермен бірге қорытынды конференция өткізілді. Студенттер Google Classroom платформасының артықшылықтарын атап өтіп, виртуалды білім алудың үдерісін жеңілдеткен жаңа әрі ыңғайлы платформамен таныстырған кафедра ұжымына өз алғыстарын айтты. Студенттер де, оқытушылар да Google Classroom білім алу өнімділігін жоғарлатып, тапсырмаларды жүктеу мен бағалау үшін ыңғайлы, біргелікті жұмыс жасауды ұйымдастыру мен осы үдеріс қатысушыларының өзара әрекеттестігін тиімді ететіндігін атап кетті.

1618 5

Білім алушылардың өндірістік тәжірибе бойынша нәтижелерін кафедра профессор-оқытушылары мен жұмыс берушілер – ҚР Әділет Министрлігінің Сот-сараптамалар Орталығының Шымкент қаласы бойынша Сот-сараптамлар Институтының химия-токсикологиялық бөлімшесінің, ҚР ДСМ Шымкен қаласы бойынша Психикалық денсаулық Орталығының клиникалық және токсикологиялық зертханасының қызметкерлерінен тұратын комиссия дифференцирленген сынақ түрінде бағалады.

1618 6

Осылай, «Токсикологиялық химия» өндірістік тәжірибесі жеткілікті деңгейде ұйымдастырылды. Тәжірибе «Фармацевтикалық қызмет» кәсіби стандарты мен салалық біліктілік шеңберіне сай экономикалық жағдайларға байланысты динамикалық өзгеріп отырған химия-токсикологиялық зерттеулердің сот-медициналық сарапшысы қызметіне қажетті құзыреттіліктерді виртуалды бекітуге мүмкіндік берді.

Материалға баға беріңіз
(11 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар