«ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯ-ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ» СЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

23 Желтоқсан 2020, 11:30 pm
380 рет оқылды

2020 ж. желтоқсан айының 10-11 жұлдызында ҚР Бірінші Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұйымдастыруымен «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VІІ халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

1617 1

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы қызметкерлері «Дәрілік заттардың фармацевтикалық және химия-токсикологиялық талдауының басым бағыттары» секциялық жұмысының отырысын ұйымдастырды. Конференцияға ҚР ЖОО-ның және біздің серіктестер – Ш.Бехешти атындағы медицина университетіндегі Фармация мектебі (Тегеран, Иран), Сеченов университетіндегі А.П. Нелюбин атындағы Фармация Институты (Мәскеу, РФ), Ұлттық фармацевтика университеті (ҰФУ, Харьков, Украина), Башқұрт мемлекеттік медицина университеті (Уфа, РФ), Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент, ӨзР) және т.б. жас ғалымдары қатысты.

1617 2

Ш. Бехешти атындағы медицина университеті докторанты, IPHARMS ұйымының халықаралық жұмыстары бойынша өкілі Сина Мостафави пленарлық отырысында «Иран студент-фармацевттерінің қауымдастығы (IPHARMS)» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада айтылған кең ауқымды ғылыми, білім беру, қоғамдық, әлеуметтік қызметтер өте жоғары қызығушылық тудырды және ОҚМА мен басқа серіктес ЖОО жастар ұйымдары үшін үндеу болып табылды.

1617 3

Секциялық отырысында кафедраның «Болашақ фармациясы» атты студенттердің ғылыми үйірмесі студенттері, магистранттары, докторанттары және серіктес ЖОО студенттері дәрілік заттардың эффективтілігін, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер жөнінде баяндамалар жасады. Баяндамалар қызу талқыланып, әрбір баяндамашы өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін жоғары деңгейде жеткізе білді.

1617 4

Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар, ал жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. ҰФУ-нің жас ғалымы, фарм.ғ.к. А.И. Крюкова және Сеченов университетінің аспиранты А.М. Суханова өзекті және практикалық маңыздылығы жоғары зерттеу жұмыстары үшін дипломдармен марапатталды.

1617 5

Конференция қатысушылары мен қонақтары ұйымдастырушыларға жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және қарым-қатынас жасауға, пікір алмасуға мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын білдірді.

1617 6

Материалға баға беріңіз
(2 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар