М.ғ.д., профессор Қарабеков Ағабек Қарабекұлының 70- жылдығына арналған «Ашық есік күні»

20 Желтоқсан 2020, 5:26 pm
357 рет оқылды

2020 жылдың 16-қарашасы мен 17-желтоқсан аралығында ҚР Мемлекеттік сыйлығының Лаураеты м.ғ.д., профессор Қарабеков Ағабек Қарабекұлының 70- жылдығына арналған «Ашық есік күні» қайырымдылық акциясы іс-шаралары жүргізілуде. Осыған орай 2020 жылдың 02-желтоқсанында Қ.А.Қарабеков атындағы Қоғамдық қоры мен реабилитациялық орталығында ОҚМА-ның интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканы К.С.Кемельбеков , «Неврология, психиатрия және психология» кафедрасының ассистенті Ш.Б.Даниярова және «Педиатрия-2» кафедрасының резиденттері, интерн-дәрігерлердің қатысуларымен мүмкіндігі шектеулі, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдағы сырқат балаларға мамандандырылған емдік-диагностикалық кеңестер берілді. Сырқаттардың көпшілігін балалардағы церебралды салданулар мен туа біткен тірек- қимыл жүйесіндегі ақаулықтар құрады. Мамандар тарапынан толыққанды кеңестер беріліп, ата-аналар алғыстар айтып, тілек-ниеттерін білдірді.

1615 1

1-сурет. Науқастарды қабылдау сәті

 

1615 2

2-сурет. Науқастарды тексеру, диагностикалау кезеңі

 

1615 3

3-сурет. Дәрігер мамандар, резиденттер мен интерн-дәрігерлер

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар