«ТАБИҒИ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» СЕКЦИЯ ЖҰМЫСЫ

17 Желтоқсан 2020, 3:59 pm
362 рет оқылды

2020 жылдың 10-11 желтоқсан күні онлайн-режимде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VІІ халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы. Қазақстан, Ресей, Украина, Иран, Қырғызстан және Өзбекістан Республикаларының ең үздік ЖОО-ы қызығушылық танытты.

1614 1

«Табиғи дәрілік заттар және оларды қолдану перспективалары» секция фармакогнозия кафедрасында өтті. Конференцияға ПМФИ (Пятигорск, РФ), БГМУ (Уфа, РФ), ТашФарМИ (Ташкент, ӨзР), НФаУ (Харьков, Украина), КГМУ (Курск, РФ), НГМУ (Новосибирск, РФ), И.К. Ахунбаев атындағы ҚырММА (Бишкек, Қырғызстан республикасы), Медицинская академия имени С.И. Георгиевск атындағы медициналық академия және В.И. Вернадск атындағы Крым федеральды университет (Симферополь, РФ), Шахида Бехешти атындағы медициналық университет (Тегеран, Иран) серіктес және Қазақстанның басқа ЖОО-нан жас ғалымдар қатысты.

Секция отырысында фармация ғылымының өзекті сұрақтары бойынша кафедраның «Фитохимик» ғылыми үйірмесінің білім алушылары, магистранттар, докторанттар және білім алушылар, серіктес ЖОО-нан аспиранттар қатысты.

1614 2

Әрбір қатысушы өзінің ғылыми – зерттеу жұмысын жоғары деңгейде көрсете білді және өте қызу талқыланды.

Конференцияға қатысып отырғандардың қызығушылығын көп көлемде қойылған сұрақтар бойынша байқауға болады.

Жұмыстың соңында барлық қатысушыларға онлайн режимде сертификат берілді.

Білім алушылар, магистранттар, аспиранттар және докторанттар арасынан жас ғалымдар сайысының жүлдегелеріне дипломдар және сыйлықтар берілді:

1) Жас ғалымның ең үздік жұмысы – Крымова Анна Александровна, Пятигорск медико-фармацевтикалық институтының аспиранты – ВолгГМУ филиалы, Пятигорск қаласы, Ресей Федерациясы.

2) Білім алушының ең үздік жұмысы – Шалтаева Диана Габитовна, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармация факультетінің 2 курса білім алушысы.

Конференцияға қатысқан жас ғалымдар, білім алушылар және көрермендер пікір және тәжірибе алмасуға мүмкіндік бергендерге алғыстарын айтты.

1614 3

1614 4

1614 5

1614 6

1614 7

1614 8

1614 9

1614 10

1614 11

1614 12

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар