Уфадағы халықаралық конференция

20 Қараша 2020, 12:45 am
41 рет оқылды

2020 жылдың 13-14 қарашасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Башқұрт мемлекеттік медицина университетімен, РҒА УФИЦ биохимия және генетика институтымен, Роспотребнадзор эпидемиология орталық ҒЗИ, Ресей инфекционистерінің ұлттық ғылыми қоғамымен, Семей медицина университетімен, Бұхара мемлекеттік медицина институтымен, Өзбекстан Ғылым Академиясының адам иммунологиясы және геномикасы институтымен бірлесіп "Иммунологияның, генетика және инфектологияның іргелі және қолданбалы аспектілері"атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ұйымдастырушысы болды. Конференцияны өткізу және материалдарды жариялау "Ресейдің іргелі зерттеулер қоры" ФМБҚ грантының, РФФИ №20-015-20013 жобасының қолдауымен жүзеге асырылды.

1582 1

Конференция он-лайн режимде өтті, оған әлемнің 8 елі (Ресей, Қытай, АҚШ, Германия, Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Украина) қатысты. Covid-19 жаһандық проблемасы және біздің елдеріміздің басқа да өзекті инфекциялық аурулары мәселелері бойынша 72 баяндама тыңдалды. Пленарлық отырыста – жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының проф. Абуова Г.Н., доц.Бердалиева Ф.А. және докторант Полукчи Т. В. –"Жұқпалы аурулардың алдын алу және терапияның өзекті сұрақтары" және ассистент Алиев Д. С. –" Ересектер мен балалар арасындағы жұқпалы аурулардың өзекті сұрақтары" атты секциясында баяндамалар жасады.

1582 2

1582 3

Бұл серіктестік іс-шара ЖОО кафедраларының өзара қызығушылығын тудыратын ғылыми ынтымақтастықтың және тәжірибе алмасудың жарқын мысалы болып табылады.

Кафедра қызметкерлері өз мақалаларын РҒДИ-да жарияланған конференция материалдарының жинағында жариялады, әр мақаланың doi бар.

Материалға баға беріңіз
(0 баға берілді)

Біздің жетістіктеріміз

  • Дипломдар, алғыс хаттар

    Дипломдар, алғыс хаттар

  • Куәліктер, сертификаттар

    Куәліктер, сертификаттар